«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚ ӨРЕНДЕРДІҢ ӨНЕГЕЛІ ІСТЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

Отырыс алдында өңір басшысы мен кеңес мүшелері мектеп-лицейдің ауласына қойылған Қызылжар аудандық жастар саясаты жұмысының “Дипломмен – ауылға!”, “Жастарды жұмысқа орналастыру – жастар тәжірибесі”, “Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жас ғалымдары”, “Қызылжар агротехникалық колледжі”, “Мектеп өмірі”, “Жастар кәсіпкерлігі”, “Жастар спорты”, “Жастардың шығармашылық ұжымдары” атты 8 бағытына арналған көрмемен танысып, бескөлдік “Жайдарман” көңілділер мен тапқырлар клубының, “Күшіміз – бірлікте!” жастар флешмобының өнерлерін тамашалады.

Аталмыш білім мекемесінің екінші қабатындағы “Қысқы бақта” “СҚО Қызылжар аудандық жастар және балалар бастамаларының орталығы” КММ-нің таныстырылымы өтті. Онда Асаново және Шаховское ауылдық округтеріндегі аула клубтарының жұмыстары мен вокалды-аспапты ансамбльдер өнері көрермендер назарына ұсынылды.

Кеңестің көшпелі отырысын ашқан Самат Ескендіров Елбасының жастар саясатына баса назар аударып отырғандығын атап айтып, Қызылжар ауданында таныстырылған жастар мен балалар бастамаларының орталығы келесі жылдан бастап жергілікті бюджет арқылы қаржыландырылатынын, Петропавлдағы Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының жанында Жастар үйі құрылысы басталатындығын жария етті.  

Қызылжар ауданының әкімі Еркебұлан Кәменов жастар саясатын іске асыру бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Оның айтуына қарағанда, жаз кезінде студенттер мен жұмыссыз жастардың “Жасыл ел” отрядтарында еңбек етуі дәстүрге айналған. Биыл 60-тай қызылжарлық Краснояр, Налобин, Виноградов, Куйбышев орман шаруашылықтарында жұмыс істеді. Жас кәсіпкерлер үшін “Ашық есік күні” өткізіліп, “Даму” қорының қолдауымен биыл 5 жылжымалы консультативтік кеңес ұйымдастырылды. Вагулино және Красноярка ауылдарында салынып жатқан 6 тұрғын үй жастарға арналған. Оқу орындарында “Жас ұлан” жастар бірлестігі, 15 үйірмесі бар балалар мен жасөспірімдер клубы, аудан орталығы мен елді мекендерде 26 аулалық клуб, 15 жастар ұжымы жұмыс істейді. Жастардың бастамасымен “Қызылжардың жаңа толқыны” қоғамдық бірлестігі құрылып, таяуда әділет органынан тіркеуден өтті. “Мерей” өнер мектебінің оқушылары республикалық “Рауан”, “Сәлем, Астана!” байқау фестивалінде және халықаралық “Сибирь зажигает звезды” байқау-фестивалінде жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Облыстық Дін істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Мұратбек Зейнуллин жастар арасында діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар жайында сөз қозғады.

Кеңес отырысы барысында Самат Сапарбекұлы облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың тапсырысы бойынша “Прозрение – Көз жету” ҚБ 150 данамен шығарған “Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі жұмыстың әдістемесі” кітапшасы мен екі тілде жарық көрген “Сақ болыңыз: экстремизм!!!” жадынамасына назар аударды.

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Виктор Молодовский аталмыш әдістемелік құралдың алғашқы партиясы қалалық және аудандық бөлімдердің, оқу орындарының осы іспен айналысатын мамандарына көмекші құрал ретінде шығарылғандығын, оны кеңейту, санын көбейту қарастырылып отырғандығын жеткізді.

“Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы” ҚМКК директорының міндетін атқарушы Мұрат Шақабаев жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру және темекі шегу, нашақорлық, алкоголизмнің алдын алу мәселелерін сөз етті.

Кеңес отырысынан кейін “Прозрение – Көз жету” ҚБ төрағасы Максим Доценконың басшылығымен жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу тақырыбында семинар мен тренинг өткізілді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp