«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына орай өтетін Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Астанадағы съезі – уақыт сынынан табысты өткен жаһандық үнқатысу алаңы.

Ол Жер шарындағы дінаралық және мәдениетаралық ықпалдастық пен өзара түсіністікті нығайтудың бірегей тетігіне айналды.

Он жыл өткен кезде оның өзектілігі тек қана өсе түсті, өйткені, бүгінгі жағдайда мәдени-өркениеттік қарым-қатынастар күрделеніп барады. Әлемде адамзаттың моральдық-ізгілік ұстындарына, конфессияаралық және этносаралық тұрақтылыққа қатер төндіретін проблемалар қордалануда.

Қақтығыстардың пайда болуы мен өршуінің алдын алу үшін дін қайраткерлерінің, ғылыми және сарапшылық қоғамдастықтың, бұқаралық коммуникация құралдары өкілдерінің басын қосқан жан-жақты диалогты дамыту қажет.

Съезд толеранттылық пен сенім идеяларын ілгерілете отырып, жаһандық гуманитарлық диалогтың алғы шебінен табылуға тиіс.

Осындай игі де жауапты миссияны жүзеге асыру үшін Съездің әлеуетін аша түсу арқылы форматын жетілдіру қажет.

Конференция қызметі осы мәртебелі міндетті орындауға септігін тигізеді деп сенемін. Барша қатысушыларға жемісті жұмыс және табыс тілеймін!

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp