«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨМІРДЕ КЕМДІК КӨРГЕНМЕН, өнерде озған жандар бар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Мәдениет басқармасы Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығымен бірлесіп, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында “Мейірімділік пен түсіністікке жол ашық” облыстық байқауын ұйымдастырды. Онда аудандар мен облыс орталығынан келген 6 әлеуметтік мекеменің өкілдері бақ сынады.

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Мүгедек жандардың өмірі мен өнеріне қоғамның назарын аударту мақсатында өткізілген конкурста үміткерлер 3 аталым бойынша шеберлік сынасты. Сахнаға шыққандардың барлығы сегіз қырлы, бір сырлы екендіктерін байқатуға тырысты. Олардың өзін-өзі сахнада ұстауына, ән салып, би билеуіне қарап, өнерде озық тұрғандарына көз жеткіздік. Мәселен, Тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған оңалту және бейімдеу эксперименттік орталығынан келген ұл-қыздар өз өнерлерін ортаға салып, жеңіске деген ынталарының зор екендіктерін байқатты.

Байқау қорытындысы бойынша “Үздік жасампаз” аталымын Елена Шаламова, Олеся Головачева мен Асқар Шәріпов жеңіп алды. “Үздік би” аталымында “Пульс”, “Айналайын” би ансамбльдері мен Надежда Сахно алдарына жан салмады. “Үздік орындаушы” аталымы Евгений мен Андрей Латошенколарға, Артур Алдамұратовқа және Ақнұр Әубәкіроваға бұйырды.  

Әр аталым бойынша І дәрежелі лауреаттар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастыратын “Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз” атты республикалық конкурсқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp