«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕРКӘСІПТІ ӨРГЕ БАСТЫРҒАНДАРҒА өңір басшысы марапаттар тапсырды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Самат Ескендіров Машина жасаушы күні қарсаңында “Мұнаймаш” АҚ-да болып, Петропавлдағы ірі өнеркәсіп орындары өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өндіріс озаттарына облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті.

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

– Биыл жылдағы дәстүрді сәл өзгертіп, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тікелей өндіріс орындарыңызда құттықтауға келіп отырмын. Себебі, өнеркәсіп кәсіпорындары облысымыздың қалыптасу кезеңінде, Ұлы Отан соғысы жылдарында, тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде ерекше рөл атқарды. Еліміз егемендік алғаннан бері қорғаныс мақсатындағы зауыттар темір жол, газ және мұнай саласына қажетті бұйымдар шығаруға бетбұрыс жасады. Қазіргі кезде заманауи технологиямен жабдықталған кәсіпорындарымыз облыстың ішкі жалпы өнімінің 20 пайызын өндіретін дәрежеге жетті. Оған Сіздер зор үлес қосып отырсыздар, – дей келіп, Самат Сапарбекұлы кездесуге келген өндіріс озаттарына Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда жетістік тіледі.

Марапаттау рәсімінде өңір басшысы Самат Ескендіров “ПАМЖЗ” АҚ-ның бөлім басшысы Эдуард Ковалевке, “Киров атындағы зауыт” АҚ-ның механигі Виктор Самковскийге, “ЗИКСТО” АҚ-ның учаске шебері Рүстем Сыздықовқа – облыс әкімінің Құрмет грамотасын, “Мұнаймаш” АҚ инженері Марина Медведеваға, “Поиск венчурлық фирмасы” ЖШС токарі Зияден Әбутәлімовке, “ПАМЖЗ” АҚ-ның кескіші Серік Лаубаевқа, “Петропавл құбыр зауыты” ЖШС-нің бас инженері міндетін атқарушы Александр Ефименкоға облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Осы күні бір топ өндіріс ардагері “Қазақстан Инжиниринг” ҰК” АҚ-ға – 10 жыл” төсбелгісіне ие болды.

Кездесу кезінде “ПАМЖЗ” АҚ-ның бас директоры Қуаныш Бишімов, “ЗИКСТО” АҚ-ның бас директорының орынбасары Валерий Спицын, “Киров атындағы зауыт” АҚ-ның техникалық директоры Евгений Белоусов, “Мұнаймаш” АҚ-ның басқарма төрағасы Сергей Григоренко, “Поиск” венчурлық фирмасы” ЖШС-нің бас директоры Юрий Белоусов әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, өндіріс орындарының тапсырыс алуына және технологияларын жаңғыртуына қолдау көрсетіп келе жатқандығы үшін облыс әкіміне ризашылықтарын білдірді.

Суретті түсірген Виталий ВЛАСЕНКО.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp