«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДАНДАР БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы тамыз айында Солтүстік Қазақстан облысында бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 73059 теңгені құрап, 2012 жылғы тамыз айымен салыстырғанда 2,9%-ға ұлғайды, нақты көріністе 2,5%-ға азайды.

Облыс аудандары ішінде барынша жоғары жалақы Ғ.Мүсірепов атындағы (68405 теңге) және Уәлиханов (67595 теңге) аудандарында тіркелген. Қызылжар (66996 теңге) мен М.Жұмабаев (63734 теңге) аудандарында біршама төмен.

Облыс аудандары бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығында барынша жоғары еңбекақы – Мамлют (83218 теңге), Уәлиханов ауданының (75134 теңге) жұмыскерлерінде. Өнеркәсіпте барынша жоғары төлемақы алатын жұмыскерлер Шал ақын (92275 теңге) және Қызылжар (80119 теңге) аудандарында.

Солтүстік өңірдегі облыстар бойынша 2013 жылғы тамыз айында еңбекақы төмендегідей болды: Ақмола облысында – 76119 теңге, Қостанай – 82246, Павлодар облысында – 95415 теңге, қаңтар-тамыз айларында 76321 теңге, 79887 және 90447 теңге сәйкесінше.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp