Ләйла ҚОСПАНОВА,
зейнеткер.
Бойды кернеп, зор қуаныш тұр бүгін,
Астанада айтарлықтай нұрлы күн.
“Қазақ елі” монументі ашылды,
Айғақтайтын халқымыздың бірлігін.
Елбасымыз бірге қайнап халықпен,
Әр уақытта қолдау тауып жүр бүгін.
Қазақстан өркендеуге талпынған,
Елбасымды бөле алмаймын
халқымнан.
Самұрық құс қанат жайып самғап жүр,
Монументтің ұшар басында алтыннан.
Монумент тұр Астанаға жарасып,
Кәрі, жастар мақтап жатыр таласып.
Қазақ елі, даңқың бүгін барады
Еуропа мен Азиядан әрі асып.
Бұл монумент – ұлы елдіктің айғағы,
Игі істердің бұзылмасын қаймағы.
Әрқашан да желбіресін биікте,
Еліміздің аспан түсті байрағы!
Шал ақын ауданы,
Қаратал ауылы.