Бұрнағы күні Петропавлдағы Мәдениет және демалыс саябағында “SOLEIL” жекеменшік мәдени қайырымдылық қоры “Ана атану – бір бақыт” атты қайырымдылық концертін өткізді.
Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Дарынды балаларды дамыту мен созылмалы дерттері бар науқастарға қаржылай көмек көрсетіп, өскелең ұрпаққа қосымша білім беру жобаларын қолға алған бұл қор қайырымдылық концерттен жиылған қаржыны қатерлі дертке шалдыққан науқас балалардың еміне жұмсауды көздеді. Іс-шараны ұйымдастыруға өңірдің 18 ұйымы атсалысты. Шараға Балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылды. Оларға саябақта сайқы-мазақтар мен ертегілердің түрлі кейіпкерлері мерекелік көңіл күй сыйлап, тәттілер мен түрлі сыйлықтар табыс етті. Концертте Астана қаласынан келген өнерпаздар өнер көрсетті. Әнші Ирина Деева, “Лядушка” ансамблі және жергілікті бишілер мен “Авторлар одағы” өнер ұжымы ән шырқады.
Суретті түсірген
Вадим МУДАРИСОВ.