«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЗДІҢ МІНДЕТ – ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Светлана ЗАЙЦЕВА,

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары.

“Мемлекеттік қызмет туралы” заң 1999 жылы қабылданды. Ол мемлекеттік қызметтің тиімді жүйесі мен бірыңғай кадрлық саясатты қалыптастыруда өзекті қажеттіліктерге жауап беретіндей, олардың қоғамға қызмет етуіне бағдар сілтейтіндей дәрежеде жасалды.

Тәуелсіздік жылдарында жүргізілген жүйелі реформалардың нәтижесінде Қазақстанда халықаралық сарапшылар мойындаған мемлекеттік қызметтің үлгісі қалыптасты. Мемлекет басшысының еліміздің әлемнің барынша бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық нұсқаулары әрі қарай реформа жүргізу қажеттігін айқындап берді.

ҚР-ның “Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңы биылғы 26 наурызда заңды күшіне енді. Аталмыш заң өткен жылы шілде айында Президент Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі тұжырымдамасының ережелері мен Елбасының нақты тапсырмаларына негізделген.

Заңның басты мақсаты – кәсіби мемлекеттік қызметті жетілдіру, мемлекеттік қызметке жаңа лауазым жүйесін енгізу негізінде оның тартымдылығын арттыру, мемқызметке таңдаудың барынша тиімді тәртібін енгізу, сіңірген жеке еңбегі есебінен кәсіби және мансаптық өсуін, адам ресурстарын басқаруды жетілдіру. Осылайша, заң “Қазақстан – 2030” Стратегиясы қағидаларын жүзеге асыруға бағытталған, соған орай мемлекеттік қызмет “ұлтқа қызмет ету” түсінігінің синонимі болуға тиіс.

Мемлекеттік қызмет жүйесіне енгізілген түбегейлі өзгерістер төрт бағытты қамтиды. Бірінші бағыт – кадрларды таңдау мен жоғарылату тетіктерінің мөлдірлігі мен тиімділігін көтеруді мақсат етеді. Екіншісі – аттестаттау жүйесі арқылы мемлекеттік қызметшінің еңбегін бағалау әдістерін жетілдіру. Үшінші бағыт мемлекеттік қызметшілердің жоғары әкімшілік “А” корпусы – басқару элитасын құру туралы ҚР Президентінің тапсырмасын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Келесі маңызды бағыт – кадрлық қызметтің рөлін арттыру, ол қызметшілер құрамын басқаратын орган болуға тиіс. Қазіргі уақытта бұл қызметтер туралы типтік ереже қабылданды, мемлекеттік орган ішінде кадрлардың жоғарылауы мен бағалану рөлін күшейту үшін олардың жауапкершілігі мен өкілеттігі аясы нақты белгіленген.

Өңірлік деңгейде кадрлық жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қарастырылған. Мысалы, барлық аудан әкімі аппаратында бірыңғай кадрлық қызметтер құрылған, ол қосымша қызмет ететін кадрлық қызметкерлер санын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Заңда мемлекеттік қызметшілердің этикасына жеке бөлім арналған, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын ескертуге, мүдделер қақтығысын шешуге бағытталған шаралар күшейтілген.

Енді меритократия қағидаларына келетін болсақ, мемлекеттік қызметке кадрларды таңдау және мансаптық жоғарылату бойынша шешім қабылдар кездегі таңдауға ол негіз болуға тиіс. Оны тиімді жүзеге асыруда адами капитал, мемлекеттік аппараттың кәсіби әлеуеті негізгі рөл атқарады. Адамдар әлеуетін жүзеге асырудың тетігі де – осы меритократия.

Меритократияны біз адамның сіңірген еңбегінің бағаланғандығы ретінде қарастырамыз, былайша айтқанда, мемлекеттік қызметшінің еңбегі лайықты бағаланғандығына, кәсіби, мансаптық және әлеуметтік өсу мүмкіндігіне жол ашылғандығына, мемқызметке лайықты, адамгершілігі мол, дарынды, әлеуетті және еңбекқор жан келгендігіне қарай.

Меритократия болашақта бірлескен мәдениеттің нормасы және мемлекеттік аппараттың тиімді қызметін бірлесе ұйымдастырушысы болуға тиіс.

Сонымен бұл заң кадрлар таңдау жүйесіне тұрғындардың сенім білдіру деңгейін көтеруге, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби өсуі – нәтиже ретінде меритократия қағидаларын сақтауға бағытталған.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғауды қамтамасыз етеді. Заңда саяси мемлекеттік қызметшінің ауысуы әкімшілік қызметшісінің қызметін тоқтатуға негіз болмайтындығы жөнінде норма бар.

1999 жылы қабылданған заңның редакциясында бос орынды тек конкурстық негізде иелену қарастырылған болатын, алайда 2003 жылғы толықтыруда ауыстыру тәртібімен тағайындау институты енгізілді, ол, әсіресе, өңірлерде, бірінші басшы ауысқан жағдайда кадрларды ауыстыруға мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы “командалық орын ауыстыру” тәжірибесін тоқтатуды тапсырды. Соған орай осы заң конкурстан тыс тағайындау үшін мүмкіндіктерді қысқартуды қарастырады.

Орын ауыстыру тәртібімен тағайындау тек мемлекеттік органдар ішінде ғана іске асырылады, ал басқа органдарға ауыстыруға – Мемлекет басшысы анықтаған жағдайда ғана жол беріледі.

“Командалық ауыстыру” алдында “орынды тазалау” жүргізілетіндігін ескере келіп, заңнамада “лауазымға тұлғаны заңсыз тағайындау және/немесе оларды қызметінен босату” “әкімшілік мемқызметшіге заңсыз тәртіптік жаза қолдану” сияқты тәртіптік құқық-бұзушылықтар құрамы көрсетіліп берілген.

Соған сәйкес, заңсыз кадрлық шешімдері үшін лауазымды тұлғаларға жауапкершілік қарастырылған.

Осылай, реформалау нәтижесінде мемлекеттік қызмет кәсіби нәтижеге бағытталған және мемлекеттік қызметті сапалырақ көрсететін, сол сияқты мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті сұраныстарына сәйкес келетін бола түседі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp