«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГЕРДА ЕСІМДІ ИТ қылмыскерлерді құрықтады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тайынша ауданының Макашевка ауылында тұратын жеке кәсіпкер дүкеніне тауар әкеліп, ішке кіргізбек болғанында ғимараттың есігі бұзылып жатқанын көрген. Ол бұл жайтты бірден полиция қызметкерлеріне хабарлаған.

Ұрлықтың ізін суытпай ашуға оқиға орнына жеделтергеу тобымен бірге кинолог маман Герда атты қызметтік-іздестіру итін ерітіп келген. Тексеру барысында қылмыскерлердің дүкеннен 30 мың теңгенің тауарын алып кеткендігі белгілі болды. Осы сәтте тәртіп сақшылары иісшіл иттің көмегіне жүгінген. Ол қылмыскерлердің ізіне түсіп, тәртіп сақшыларын аулалар мен бау-бақшалардың арасымен қылмыскерлердің үйіне алып келген. Тексеру барысында әлгі үйден дүкен сөресінен ұрланған бір блок темекі табылды. Тергеу барысында үй иесі қылмысқа қатыстылығын мойындап, оны 29 жастағы танысымен бірге жасағанын айтқан. Ұрылар қолды қылған заттарын қайда көміп тастағандарын да көрсеткен. Қылмыскерлер көбіне спирттік ішімдіктерді жымқырған.

34 жастағы жігіт Макашевка ауылында туып-өскен, кейін Ресейге көшіп кеткен. Айтуынша, ол мұнда туыстарын паналаған. Жыл басынан облыс аумағында иттердің қатысуымен 187 қылмыс ашылды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp