«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ҚАДІРІН БІЛСІН ЖАСТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жастар – саламатты өмір салты үшін” жастар қоғамдық бірлестігі облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Менің денсаулығым – менің қолымда!” тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырды. Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен іс-шараға облыс орталығындағы колледждердің оқушылары жиналды.  

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Бүкіл дүниежүзінде, сондай-ақ Қазақстанда өлім-жітімді тудыратын басты сырқат – жүрекқан тамырлары аурулары. Екінші орында – сыртқы себептер. Соның ішінде зорлық-зомбылық, жарақат, жол-көлік оқиғалары және тағы басқалары. Өлім-жітімнің 98 пайызы жұқпайтын аурулардан пайда болса, мүгедектік пен еңбекке жарамсыздық 77 пайызды құрайды. Бұл дерттердің себеп-салдары баяндалған шарада облыстық Денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмек ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ұлболсын Қажахметова мен №1 қалалық емхананың кардиолог дәрігері Валентина Сатина дәріс оқыды. Олар денсаулықтың бұзылуына әкеп соқтыратын жағымсыз әдеттер жайында кеңінен мағлұмат беріп, қатерлі ісік және жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу себептері жайында әңгімеледі.

Іс-шара қалалық №32 мектепте жалғасын тапты. “Біз дені сау ұрпақ!” үшін деп аталған кездесуге мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға зиянды әдеттер жайында мағлұмат берілді. Кездесу барысында өңіріміздің жас спортшылары және би ұжымдарының өкілдері дене шынықтырумен айналысудың денсаулыққа пайдасы жайында әңгімеледі. Көңілді кездесуді солтүстікқазақстандық көңілді тапқырлар клубының мүшелері жалғастырды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp