«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЗУШЫ АТЫНДАҒЫ АУДАНДА 18 серіктестік науқанды тамамдады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Егін алқабы жөнінен өңірдің көпшілік аудандарын бірнеше есе орап алатын Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның диқандары ширақ қимыл танытып, астық жинау жұмыстарын еңсеріп келеді. Өткен аптаның соңында жауған жаңбыр бөгесін болғанымен, аудан егіншілері кешегі күнге дейін 610,8 мың гектар дәнді дақылдар алқабының 79,2 пайызын жинап алды. Әзірге орташа танап шығымдылығы 14,5 центнерден айналуда.

Орақ тактикасында оралымдылық танытып, ауа райының қолайлы сәттерін барынша ұтымды пайдалана білген бірталай шаруашылықтар дәнді дақылдар жинауды соңғы жаңбырға іліндірмей аяқтады.

– Аудан бойынша 18 серіктестік және көптеген шағын шаруа қожалықтары дәнді дақылдар жинауды толық аяқтады. Олардың арасында гектар басы 15 центнерден өнім жинаған “Червонное-Агро” ЖШС-і 12800 гектардың, “Әліби-Ишим” ЖШС-і 21000 гектардың астығын бастырды. Ал 10950 гектар егін алқабынан 16,4 центнерден астық алған “Возвышенка-СК” ЖШС-і жоғары егіншілік мәдениетімен танылып отыр. Сондай орақты алдыңғы лекте аяқтаған шаруашылықтың бірі – “Янтарь” ЖШС-і 14245 гектар танаптан 14 центнерден өнім алды, – деді аудандық Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанат Қожахметов телефон арқылы хабарласқанымызда.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp