«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖАС ҰЛАН” БЕЛСЕНДІЛЕРІ аулаларды аралап жүр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұма күні мектеп оқушылары және “Жас ұлан” ұйымының белсенділері қаланы абаттандыру жөнінде рейд өткізді.

Қошан ҚАЛИ.

“Солтүстік Қазақстан”.

Бұл шараны “Петропавл қаласы Ішкі саясат бөлімі” ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша қолға алған “Азаматтық белсенділікті дамыту институты” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Рейд барысында оған қатысушылар тұрғын үйлердің аулаларында болып, тұрғындарды тазалық сақтауға шақырды.

Алғаш рет өткізіліп отырылған рейд кезінде 5-6 адамнан тұратын 7 топ құрылды. “Жас ұлан” ұйымына қаладағы №№6, 10 орта мектептердің 9-10-11- сынып оқушылары қосылды. Оларға рейд кезінде қаланың орталық көшелерін қамту тапсырылды.

Топтың әрбір жетекшісіне және оның мүшелеріне тазалық сақтауға шақыратын сөздер жазылған, яғни аулалардың қандай жағдайда екендігіне байланысты тиісті жерлерге жапсырылатын парақшалар тапсырылды. Оларда: “Таза аула”, “Лас аула”, “Тазалық – тамаша әсемдік”, “Тазалық – денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі” және тағы басқа да тазалыққа қатысты сөздер жазылған.  

Сондай-ақ рейд кезінде әр аулада болған әр топ мүшелері бірлесе отырып, өздеріне берілген рейд парақшасын толтырды. Парақшадағы 10 пунктті олар ауладағы қалыптасқан жағдайға қарай отырып толтырып, соңында қорытындысын жасайды. Сөйтіп, рейд аяқталған соң әр аула бойынша есеп береді.

Бұл шара одан әрі жалғасын таппақ. Оны өткізу аптаның дүйсенбі, сәрсенбі күндеріне белгіленіп отыр. Он шақты топтан құралған рейд жүргізушілері қаланың шет аудандарына шығады. Олар 100-ге тарта аулада болып, олардағы тазалықты өз көздерімен көріп, тиісті бағасын береді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp