«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛДАР, ЖЫЛДАР…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ләйла ҚОСПАНОВА,
зейнеткер.

Жылдар, жылдар…
Сан жылдар – сағым жылдар…
Балалық шақ, балауса балғын жылдар.
Қайта оралмас жастығымның куәсі,
Ұмытылмас аяулы жалын жылдар.



Жылдар, жылдар, сан жылдар,
сағым жылдар,
Жүрегімде айтылмай қалған сыр бар.
Жөңкіліп көшкен бұлттай
өткен жылдар,
Жылдардың жетегінде кеткен сырлар.

Тынымсыз алға тартып, уақыт зырлар,
Елес боп мұнарланып сағым қырлар.
Айтар едім сырымды жайып салып,
Ішкі жан дүниемді кім ұғынар?

Жасымнан өнерге болдым құмар,
Жырламасам, көңілім қалай тынар?!
Сыйынамын, сыйлаймын,
тәубе деймін,
Өле-өлгенше өлеңді еттім сыңар.

Шал ақын ауданы,
Қаратал ауылы.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp