«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЗ ПҰТТАН ЖОҒАРЫ ӨНІМ – мағжандық және қызылжарлық диқандар еншісінде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен аптаның соңындағы жаңбыр орақ жұмыстарын кідіртті. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша, кешегі күнге дейін егін алқаптарының 2820,6 мың гектары немесе 78,9 пайызы жинап алынды. Бастырылған астық – 4078,5 мың тонна. Орташа гектар шығымдылығы 14,5 центнерден айналуда, өткен жылы осы кезеңде бұл көрсеткіш 12,4 центнерді құраған болатын.

Сәйкес түрде гектар басынан 16,8 және 16,5 центнерден дәнді дақылдар орып жатқан М. Жұмабаев және Қызылжар аудандарының диқандары жоғары өнімділікке қол жеткізуде. Сол сияқты танап шығымдылығын 15,7 центнерден айналдырып отырған Айыртау ауданының егіншілері де үздіктер қатарында. Ал әзірге гектар берекесін 11,5 және 11,9 центнерден асыра алмай отырған тимирязевтіктер мен ақжарлықтар артта қалып келеді.

Өңір бойынша барлық майлы дақылдардың 315,0 мың гектары немесе 71,7 пайызы шабылып, 161,0 мың гектар алқаптың астығы бастырылды. Гектар шығымдылығы орта есеппен 12,5 центнерден айналуда. Облыс егіншілері келер егіске қажетті 493,2 мың тонна тұқым құйып алды, ол қажеттіліктің 96,7 пайызын құрайды.

  (Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp