«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қымбатты ардагерлер!

Жыл сайын қазан айының басында дәстүрлі түрде Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Күздің ортасы – қартаң адамдардың көңіл күйлерімен үндес тамаша да әсерлі кезең. Сіздер ұзақ ғұмырды артта қалдырдыңыздар. Енді алаңсыз өмір сүріп, әрбір атқан таңға қуанатын уақыт.

Егер өткенге көз тастап, сол кезді бүгінгімен салыстырсақ, мынадай ойға келеміз: егемен мемлекетіміз қаншама көп жетістікке қол жеткізген. Соңғы жылдар өңіріміз үшін де, тұтастай еліміз үшін де экономикада да, тұрғындардың әлеуметтік өмірінде де ойдағыдай болды.

Облыстың алдына қойылған міндеттер ойдағыдай орындалуда. Шығарылатын өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен сапасы жыл сайын ұлғайтылуда.

Ел тәуелсіздігі жылдары ішінде ардагерлер ұйымдарының өңірдің өмірінде лайықты орын алып, көзделген мақсатты жүзеге асыруда билік органдарының белсенді одақтастары ретінде көрінгені сөзсіз. Облыс ардагерлері ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа стратегиялық бағытын қызу мақұлдады және оның: “Сіздердің көрегендіктеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат жолынан адаспай, алға басуына септігін тигізеді”, – деген үндеуін орындауға әзір. Әңгіме жұмысымыздың дәстүрлі учаскесі – жастарға патриоттық тәрбие беру туралы болып отыр. Бұл мәселеде Сіздер жақсы атаулының бәрін дарыта отырып, жас ұрпақпен байланыстыратын жанды арқау болып табыласыздар. Жастар ортасында болып жатқан жаңа үдерістерді ескере отырып, бұл дәстүрді еселеу, жетілдіру қажет.

Ардагерлер ұйымдары атқарушы билік органдарымен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, қоғамдық-саяси өмірге араласады, түрлі жариялы шаралар өткізілген кезде алдыңғы саптан көрінеді, тұрғындар арасында шүбәсіз беделге ие.

Сіздер, құрметті ардагерлер, өздеріңіздің жеке өнегелеріңізбен қоғамдағы жаңа қазақстандық патриотизмнің басты мақсаты болып табылатын достық пен бірлік ахуалын туғыздыңыздар. Нәтижесінде еліміздің халқы тыныш өмір сүруде, жаңа өндірістік нысандар тұрғызуда, экономиканы дамытуда және әлеуметтік мәселелерді шешуде. Облыстың ардагерлер ұйымдары облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары, мәслихаттар депутаттары тарапынан ұдайы қамқорлық пен ілтипатты сезінуде. Солардың көмегімен жыл сайын қайырымдылық сенбіліктері мен айлықтар өткізілуде.

Зейнеткерлер атаулы әлеуметтік көмек пен материалдық қолдауға ие болып қана қоймай, сонымен бірге қызықты шараларда болуға, достарымен, қызметтестерімен кездесуге мүмкіндік алады.

Елбасының: “Мемлекет бұл адамдарға ұдайы көмек көрсетеді және назар аударады”, – деген сөзін ардагерлер қуана мақұлдады. Олар, әсіресе, соңғы кезде ардагерлерге қатысты атқарылған істер үшін ел Президентіне, облыс басшылығына зор ілтипат білдіреді.

Соңғы үш жылдың өзінде ғана зейнетақы мөлшері 2,6 есе өсті. Бүгінгі таңда орташа зейнетақы мөлшері 40 мың теңгені құрап отыр немесе күнкөріс минимумынан екі есе асып түсті.

Қазіргі уақытта Ұлы Жеңістің 70 жылдығына әзірлік басталды. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бірінші кезектегі шараларға жатады. Зейнеткерлерге медициналық қызмет көрсетуді және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсартуға күнбе-күн көңіл бөлу керек.

Біз, ардагерлер, облыстың жергілікті атқарушы және шаруашылық органдары, бизнес құрылымдары мен жұртшылық зейнеткерлерді қолдау үшін, аға ұрпақтың өзекті мәселелерін шешу үшін мүмкін болғанның бәрін істейді, ардагерлердің орталық кеңесі бастамашы болған “Әркімге – қамқорлық пен ілтипат!” республикалық акциясын ойдағыдай өткізуге барынша жәрдемдеседі деп үміт білдіреміз.

Сіздерге, қымбатты ардагерлер, мықты денсаулық, бақытты да ұзақ ғұмыр және болашаққа сенім тілейміз!

Облыстық ардагерлер кеңесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp