«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Білім басқармасының бастамасымен Мұғалім күні қарсаңында бастау алған онкүндік аясында мұғалімдер спартакиадасы өтті. Оған 150 адам қатысты.  

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Спартакиадаға өңіріміздің барлық аудандық және Петропавл қалалық Білім бөлімдерінің және Петропавл қаласы колледждерінің құрама командалары қатысты. Қазақстан Республикасының Гимнін тыңдап, сап түзеген солтүстікқазақстандық педагогтерді облыстық Білім басқармасының басшысы Шолпан Каринова құттықтады.

Солтүстікқазақстандық педагогтер күнделікті жұмысбастылықтан арылып, бір серпіліп қалды. Спартакиада спорттың 5 түрінен: тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, жеңіл атлетикалық жүгіріс және волейболдан өтті. Барлығы 15 команда қатысты.

Тоғызқұмалақтан Тайынша аудандық Білім бөлімі 1-ші орынды, Шал ақын мен Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың құрамалары сәйкесінше, 2 және 3-ші орындарды жеңіп алды. Шахматтан Тимирязев ауданынан келген ойыншылар басымдық танытып, 1-ші орын алды. Одан кейінгі 2-3-ші орындарды тайыншалықтар мен петропавлдықтар бөлісті. Үстел теннисінен Петропавл қаласы колледждерінің құрама командасы – 1-орын, шалақындықтар 2-ші орын, мағжандықтар 3-ші орын еншіледі. Жүгіруден де Петропавл қаласы колледждерінің құрама командасы озық шықты, Шал ақын мен Тимирязев аудандық Білім бөлімдерінің құрамалары сәйкесінше, екінші және үшінші орындарға табан тіреді. Волейболдан Петропавл қаласы колледждерінің құрама командасы – 1-ші, Петропавл қалалық Білім бөлімі – 2-ші, Тимирязев аудандық Білім бөлімі 3-ші орындарды жеңіп алды.  

Жалпы командалық есеп бойынша 78 ұпай жинаған Петропавл қаласы колледждерінің құрама командасы 1-орын, 64 ұпай иеленген Тайынша ауданының Білім бөлімі – 2-орын, Петропавл қалалық Білім бөлімі 56 ұпаймен 3-орындарға лайық деп танылды.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp