«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШ КҮН ІШІНДЕ 518 заңбұзушылық тіркелді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жол полицейлері облыс аумағында 16-18 қыркүйек аралығында өткен “Абайлаңыз, балалар!” жедел-алдын алу шарасын қорытындылады.

Шара барысында жол полициясы инспекторлары күшейтілген режімде қызмет етті. Балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары барлық бағыттар бойынша жүргізілді. Оқу орындарының маңында күн сайын патруль кезекшілікке тұрды. Балалар мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталмыш іс-шараға жол полицейлері мен ювеналды полиция инспекторларынан басқа, мүдделі мекеме қызметкерлері қатысты. “Мектебімізде оқушыларға арналған құқықтық оқыту бойынша жеке бағдарламалар әзірленген. Әр сейсенбі күні жол қозғалысы ережесімен қатар, қылмыстық және әкімшілік заңнамалар түсіндіріледі”, – дейді Петропавлдағы Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектептің әлеуметтік педагогі Ольга Белоусова.

Нәтиже көрсетіп отырғандай, балалар көп жағдайда жол ережесін сақтамайды. Тіпті, ересектердің өздері тәртіп бұзуға құмар. Олардың көбі жолды рұқсат етілмеген жерлерінен кесіп өтіп, қарапайым ережелерді бұзып жатады. Соның салдарынан жол апаттары орын алып, адам шығынына әкеліп соқтыруда. “Үш күн ішінде жол қозғалысы ережесіне қатысты 518 заңбұзушылық тіркелді. Солардың 31-і бойынша маскүнем жолаушылар ұсталды. 19 жүргізуші белгіленген жерде жаяу жүргіншіні өткізбегендері үшін жауапқа тартылды. Рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған 49 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жолда жүру ережесін бұзған жасөспірімдердің ата-аналары айыппұл төлейтін болады”, – дейді Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Сайлаубек Мусин.

СҚО ІІД ЖПБ-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp