«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

1 қазан – Халықаралық Қарттар күні

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қымбатты солтүстікқазақстандықтар, соғыс және еңбек ардагерлері, зейнеткерлер – даңқты аға ұрпақ!

Халықаралық қарттар күні құтты болсын!

Үлкендерге қадір-құрмет Қазақстан халқына ежелден тән. Бұл күні жәрдемімізге мұқтаж жандарға айрықша алғысымызды арнайтынымыз, даналықтың, таңдаулы дәстүрлеріміздің сақтаушысы, жастардың еліктеуіне лайықты өнеге ретінде көретін аға ұрпақтың өміріне үңіле көз жүгіртетініміз тектен-тек емес.

Өңірімізде 90 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Олардың ішінде 15888 адам – тыл еңбеккерлері, 384-і – Ұлы Отан соғысына қатысқандар. Сұрапыл соғыс, тың игеру және Қазақстанның тәуелсіздікке ие болу жылдарындағы қаншама қиындық Сіздердің пешенелеріңізге жазылды. Сіздер туған Солтүстік Қазақстан облысын қалыптастыруға және нығайтуға орасан зор үлес қостыңыздар. Және бүгінгі таңда да қарттыққа қарамастан, көпшілігіңіз жасампаз еңбек қарекетінен қалмай, қоғамдық-саяси өмірге, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге белсене қатысуды жалғастырып келесіздер.

Аға ұрпаққа қамқорлық – еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев жүргізіп келе жатқан саясаттың өте маңызды бағыттарының бірі. Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері жыл сайын ұлғайтылуда, қартаң адамдарға медициналық және әлеуметтік көмек беру жүйесі жетілдірілуде.

Өңірімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат алдағы уақытта да еліміздің рухани және материалдық байлығы бірнеше ондаған жылдар бойы солардың еңбегімен жасалған аға ұрпақтың тұрмысын жақсартуға бағытталатын болады.

Біз, Сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңіз, бізді өсіргендеріңіз, білім бергендеріңіз, қиындықты жеңуге және жетістікке шаттануға үйреткендеріңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сондықтан да біздің ендігі парызымыз – Сіздерге мерекеде ғана емес, күнбе-күн өздеріңізді жайлы да сенімді сезінулеріңіз үшін жәрдемдесу. Аға ұрпақтың өмірін белсенді де мазмұнды ету, Отанымыздың игілігі жолында еңбек еткен ата-аналарымыздың алдындағы қарызымызды өтеу біздің қолымыздан келеді. Сіздерді қолдау, тұрмыстарыңызды көркейту, нақтылы көмек көрсету – бүгінгі таңдағы ең маңызды міндеттердің бірі, міне, осылар. Қарт адамдарды барынша қолдау, оларға ілтипат көрсету, сүйіспеншілік және қамқор көзқарас – әрқайсымыздың парызымыз.

Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, қуаныш, бақыт және амандық-саулық тілеймін! Сіздерді жақсы көретін әрі жанашыр балаларыңыз, немерелеріңіз, достарыңыз әрқашан қастарыңыздан табыла берсін!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp