«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хабары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарының сайлауы жөніндегі №3 округтік сайлау комиссиясы мыналарды депутаттыққа кандидаттар етіп тіркеді:

Коротков Александр Александрович, 1966 жылы туған, “Ленинград жолдары” ЖШС-і директоры, Ақжар ауданындағы Ленинград ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

Сватко Олег Леонидович, 1978 жылы туған, ауыл клубының меңгерушісі, Ақжар ауданындағы Казанское ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

Молдағұлов Артур Кенжеәкімұлы, 1971 жылы туған, “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында тұрады, “Нұр Отан” ХДП мүшесі.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарының сайлауы жөніндегі №14 округтік сайлау комиссиясы мыналарды депутаттыққа кандидаттар етіп тіркеді:

Әміренов Берік Есілбайұлы, 1974 жылы туған, Тахтаброд орта мектебінің директоры, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

Әбілмәжінов Болат Текебасұлы, 1961 жылы туған, “Контимир-Агро” ЖШС-і директоры, Петропавл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған;

Мәмбетов Еркебұлан Нұрмағанбетұлы, 1962 жылы туған, “Мәмбетов және К” КС бас директоры, Петропавл қаласында тұрады, “Нұр Отан” ХДП мүшесі.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттарының сайлауы жөніндегі №18 округтік сайлау комиссиясы депутаттыққа кандидат етіп 1963 жылы туған “Нұр” бөлшексауда желісінің директоры, Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылында тұратын “Нұр Отан” ХДП мүшесі Темірбекова Рашида Мағжанқызын тіркеді.

Облыстық сайлау комиссиясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp