«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАДІРЛЕЙТІН орыстілді студенттерге құрмет көрсетілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Қазақстан халқы тілдерінің XV облыстық фестивалі аясында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Ел тірегі – тіл!” атты жастар акциясының жабылу салтанаты өтті.

Тіл және әдебиет институтының қазақ тілі кафедрасы фестиваль аясында орыстілді студенттер арасында 20-ға жуық іс-шара ұйымдастырды. Тақырыптық сабақтар өтіп, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында түрлі сайыстар мен жобалар қолға алынды. Жоғары оқу орнында бірнеше жыл қатарынан өткізілетін аталмыш іс-шараларға қатысуға ниет білдірген студенттер қатары да жыл сайын ұлғайып келеді.

Мемлекеттік тілді меңгеру ісіне өз үлестерін қосқан бірқатар оқытушылар мен студенттер облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мен “Нұр Отан” ХДП жастар қанатының атынан марапатталып, құрметке ие болды. Солардың ішінде оқуларында озат, тіл, әдебиет, өнер бойынша өткен республикалық байқаулардың жеңімпаздары Тіл және әдебиет институтының қазақ тілі және әдебиеті мамандығын таңдаған өзге ұлт өкілдері Екатерина Жукова, Екатерина Шайхутдинова, Анастасия Сафронова, Екатерина Смирнова және тағы басқалары бар.

Аталмыш кафедрада 2004-2013 оқу жылдары аралығында 27 өзге ұлт өкілі оқуға қабылданып, солардың 19-ы бүгінде қоғамның әр саласында табысты қызмет етуде. Олар – Юлия Маркова, Алена Герасимова, Екатерина Черевко және басқалары. Ал 6 студент бүгінде оқуларын жалғастыруда. Бұл студенттер республикалық, облыстық, қалалық, университетішілік шараларға белсене қатысады. Сондай белсенді студенттердің бірі – Екатерина Смирнова көрермендерге Мағжан Жұмабаевтың “Жан сөзі” өлеңін оқып берді. Акция қазақ тілін жетік меңгеріп, тілдер апталығына белсене қатысқан студент жастардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp