«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗДЕРІ АРАЛАСПАСА, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру қиын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Достық үйінде үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік орган өкілдері қоғамдық мониторингті дамыту жөніндегі пікірталас алаңына жиналды. Жиынға қатысушылардың көздегені – мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне қол жеткізу. Бүгінде облыста бұл бағыттағы шаралардың бастамасы бар. 

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

журналист.

“Атамекен” Одағы” Ұлттық экономикалық палатасы” ЗТБ СҚО филиалының директоры Елена Виссарованың айтуынша, “Атамекен” өз тарапынан бизнес өкілдеріне жәрдем көрсетеді, кеңес береді. “Бұған қоса, мемлекеттік органдармен, “Даму” қорымен, банктермен етене жұмыс істейді. Сондай-ақ “Бизнестің жол картасы” бағдарламасы бойынша үйлестіру кеңесіне мүше ретінде несие беру мәселелерін шешуге атсалысамыз”, – деді ол.

Жиында қоғамдық қадағалау жүйесін жетілдіру бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды. Солтүстікқазақстандық “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қауымдастығы” өңірде 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыттың ішінде мыңдаған тұтынушының мүддесі қорғалып, бірқатар түйткілдердің түйіні тарқатылған. Қауымдастық төрайымы Надежда Дубовая тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы ұсыныс айтты. Сонымен қатар, БАҚ-пен жұмыс істеу керек. “Әлеуметтік роликтер әзірлеп, оларды телеарналарда кеңінен насихаттаған жөн. Өйткені, тұтынушылардың құқықтық сауаттылығы ақсап жатады”, – деді ол.

“Азаматтардың тікелей араласуынсыз мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға қол жеткізе алмаймыз. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары да әлеуметтік бағдарламаларға мониторинг жүргізуге өз үлестерін қосқандары абзал. Бұл мәселені азаматтық форумда көтеруді жоспарлап қойдық”, – деді “СҚО азаматтық альянсы” ЗТБ төрағасы Сергей Худяков.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp