«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің әкімшілігі еңбек ардагері Мария Чередниченконы Халықаралық қарттар күнімен және 80 жасқа толуымен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Ол бұл мемлекеттік мекеменің №1 бөлімінде 1972-1994 жылдар аралығында диспетчер болып еңбек еткен. Тәулік бойы байланыс құралының басында отырып, төтенше оқиғалар болған жағдайда жылдам ақпарат беріп, жұмысты ұйымдастыра білген Мария Степановнаның қажырлы еңбегі бүгінге дейін елеулі.

– Сондағы жұмыс істейтін жігіттердің барлығын түрлерінен танитынмын. Маған бұл жұмыс ұнайтындықтан, зейнеткерлік демалысқа шықсам да, тағы екі жыл еңбек еттім. Өрт сөндіру жұмысы диспетчерден басталады ғой. Сондықтан жауапкершілік те мол болатын. Бүгінде департамент әкімшілігі бізді ұмытпай, жыл сайын атаулы мерекелерде құттықтап тұрады. Ризамын, – деді қария.

Департамент биыл 144 ардагерін құттықтады. Мекеме жанынан құрылған ардагерлер кеңесі жылда соғыс және еңбек ардагерлерін ұмыт қалдырмайды. Департамент қызметкерлері Халықаралық қарттар күні және ҰОС-тың Жеңіс күнінде өздерінің бір күндік еңбекақыларын ардагерлер кеңесінің қорына аударуды дағдыға айналдырған. Сол қаржыға қарияларды мерекелерімен құттықтап, қайсыбіріне материалдық көмек көрсетіледі.  

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp