«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЙЫРҒЫ ЭНЕРГЕТИКТЕР құрметке бөленді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарттар күні облыс энергетиктері өз ардагерлерін мерекемен құттықтады. Бұл күні өңір тұрғындарының үйінде үнемі жылу мен жарық болу үшін талмай еңбектенген энергетика саласының алдыңғы толқын қызметкерлеріне жылы лебіздер айтылып, естелік сыйлықтар табысталды. 

Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев қатысты.

“Солтүстік Қазақстан электр тарату желілері компаниясының” мәжіліс залына бұл күні “Севказэнерго” компаниясы тобының жетекшілері, ардагерлер ұйымдары мен кәсіподақ және БАҚ өкілдері жиналды. “Севказэнерго” компаниясы барлық уақытта өзінің еңбеккерлер әулетімен, алдыңғы толқын энергетиктерімен және бүгінгі таңда жас қызметкерлерді мамандыққа үйретіп келе жатқан үздік мамандарымен мақтана алады.

– Сіздерді, үлкен еңбек өтілі бар энергетиктерді облыс әкімінің атынан мерекемен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Сіздердің арқаларыңызда бүгінгі таңда облысымыз бен тұтастай республиканың экономикалық негізі қаланатын қуатты базамыз бар. Сіздердің өз қолдарыңызбен жасаған еңбектеріңізсіз өңіріміздің дамуын елестету мүмкін емес. Сіздерге сол үшін көп рақмет айтқым келеді, – деді Владимир Балахонцев.  

Өңір басшысының атынан энергетика саласының ардагерлері – Қоздияш Нұрпейісов, Рафаил Галямов пен Нұрия Бикметова Алғыс хатпен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды.

– Сіздер қуатты және өмірлік маңызы бар кешеннің қалыптасуының бастауында тұрдыңыздар. Саланы дамытып, еңбекте жеңіске жеттіңіздер. Сіздердің тәжірибелеріңіз және білімдеріңіз әрқашан қажет, – деді “Севказэнерго” АҚ басқарма төрағасы Еділ Көпенов.

ҚР Еңбек сіңірген энергетигі, Петропавлдың құрметті азаматы Александр Липовой да әріптестеріне игі тілектерін арнап, облыс әкімі мен “Севказэнерго” АҚ басшылығының ардагерлерге көрсетіп келе жатқан қамқорлығы мен ілтипаты үшін алғыс білдірді.

Іс-шараның соңында жиналғандар естелік суретке түсті.

“Севказэнерго” АҚ-ның жұртшылықпен

байланыс жөніндегі бөлімі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp