«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЛГІЛЕНГЕН МЕРЗІМ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жұма күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Қадырбектің төрағалық етуімен осы мекеме жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. 

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзулары туралы департамент басшысының орынбасары Жанат Жұмабаев хабарлама жасады. Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың 8 айында 14 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзім сақталмаған. Оның ішінде 9 заңбұзушылық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (тұрғын үй кезегіне қою кезінде кезек тәртібі бұзылған), 5-і жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салаларына қатысты болған.

Көрсетілген кезеңде мемлекеттік органдар 18437 қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы жүзеге асырған. Мемлекеттік органның кінәсінен – 11, ХҚКО қызметкерінің кінәсінен – 1, техникалық ақаулар салдарынан 6 бұзушылық орын алған.  

Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде де ХҚКО арқылы сәйкес кезеңде 62397 қызмет көрсетіліп, техникалық ақаулар салдарынан 71 бұзушылық орын алған. Соның ішінде Көші-қон полициясы бөлімінің қызметкері тарапынан – 4, Әділет органдарының заңды тұлғаларды аумақтық тіркеу бөлімінде – 2 (біреуі – ХҚКО қызметкерінің, тағы бірі – мемлекеттік орган қызметкерінің) кінәсінен, қалған 65-і техникалық себептерге байланысты болған.

Облыс әкімдігі аппаратының Мемлекеттік қызмет және ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі Азамат Байтеміровтің айтуынша, 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда облыста мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық нұсқада және ХҚКО арқылы алушылар саны артқан. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында шағым түспеген.

Жиында ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және мерзімін сақтау бойынша жүргізілген жұмыстар жайлы ХҚКО директорының орынбасары Қайрат Әскербеков, Қоғамдық кеңестің ұсынысы бойынша атқарылған шаралар туралы СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Анатолий Ко, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге белгіленген мерзімнің бұзылу себептері мен қолданылған шаралар жайында Петропавл қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспананы бөлу және есепке қою секторының меңгерушісі Алма Құдабаева мен Шал ақын аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тұрар Оразалин баяндады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp