«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ – конференция арқауы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Петропавл қаласындағы Достық үйінде “Ассамблея” корпоративтік қоры “Бір ел – бір тағдыр” тақырыбында облыстық конференция өткізді. Аталмыш шараға аудандардағы Ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар қатысты.  

Этносаралық келісімді нығайту аясында облыстық Ішкі саясат басқармасының тапсырмасымен өткізілген шара барысында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің ұстазы, заң ғылымының кандидаты Гүлбақша Мұсабаева еліміздің дамуына арналған бағдарламалардың орындалып жатқанына тоқталып, Елбасының саяси көрегенділігі жайлы баяндады. Ал Мағжан Жұмабаев ауданындағы “Туған жер” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Баян Ботабекова жергілікті жерде ұлттық салт-дәстүрді сақтауда, насихаттауда, жастарға үйретіп, санасына сіңіруде атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.

– “Туған жер” қоғамдық бірлестігінде 12 адам жұмыс істейді. 2010 жылы “Салт-дәстүр” фестиваліне қатысып, бірінші орын алған едік. Бұл – біздің үлкен жетістігіміз, – деген Баян Ботабекова өзінің 6 қызын да осы рухта тәрбиелеп отырғандығын жеткізді.

Конференция барысында оған қатысушылар арасында облысымызда және Петропавл қаласындағы этникалық жағдайды анықтайтын сауалнама да жүргізілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp