«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАТЕР – 2013″ ЖАТТЫҒУЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгін “Химиялық, биологиялық және радиациялық апаттың орын алуы және олардың салдарын жою кезінде басқару органдарының әрекеті” тақырыбында “Қатер – 2013” республикалық командалық-штабтық жаттығуы өткізіледі. Басшылық штабы Астана қаласында орналасқан. 

Жаттығудың Солтүстік Қазақстан облысындағы басшысы – облыс әкімінің орынбасары, өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының төрағасы Владимир Балахонцев, жаттығу басшысының орынбасары – СҚО ТЖД басшысы Павел Филиппов. Бұл шараға облыс аумағынан мына мекемелер тартылады:

– жергілікті атқарушы органдардан – әкімдіктер, облыс пен аудандардың Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар қызметтері;

– ТЖМ құрылымдық аумақтық органдарынан – ҚР ТЖМ СҚО ТЖД, СҚО ТЖД-нің “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары” ММ.

Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар қызметтерінің даярлығын тексеру мақсатында ПМС-175 аумағында (Оңтүстік-Орал темір жолының Петропавлдағы бөлімшесі) “Қауіпті жүк тиелген (аммиак) темір жол құрамының жолдан шығып кетуінен орын алған апатты жағдайды жою” тақырыбында тактикалық-арнайы жаттығу өткізіледі. Аталмыш шара аясында сағат 14-те “Петропавл темір жол көлігі” КМҚК базасында колледж оқушыларын ықтимал химиялық жұқтыру аумағынан шығару және оларды “Қалалық Мәдениет үйі” МКҚК уақытша орналастыру пунктіне жеткізу жөнінде тәжірибелік шаралар ұйымдастырылады.

Жаттығу нәтижесі бойынша химиялық, биологиялық және радиациялық апат қатері және олардың орын алуы кезіндегі әрекеттерге табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесіне облыстың ішкі жүйесінің даярлығына баға берілетін болады.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp