«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАШСА ДА, ҚҰТЫЛМАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда полицейлер тоғыз жастағы мектеп оқушысын қағып кетіп, оқиға орнынан тайып тұрған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Баланың жол-көлік оқиғасының құрбаны болғаны туралы ата-анасы баласы үйге келіп, ауырып тұрғанына шағымданғаннан кейін білген. Олар облыстық Балалар ауруханасына медициналық көмек сұрап хабарласып, аурухана қызметкерлері баланың шетел маркалы көлігінің қағып кетуі салдарынан жарақат алғанын Петропавл қаласы ІІБ кезекші бөліміне хабарлаған.

Полицейлерге бала оқиға мектептен қайтып келе жатқан кезде болғандығын мәлімдеді. Шетел маркалы көлік жүргізушісі баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол апаты Жұмысшы кентінде тапа тал түсте Караванная-Украин көшелерінің қиылысында орын алған.

Жол полициясы басқармасы іздестіру бөлімінің қызметкерлері оқиғаға қатысты шетел маркалы көлігінің түсін және көлік нөмірін шамалап атаған жол апатының куәгерлерін анықтады. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Петропавл қаласында уақытша тұрып жатқан Шымкент қаласының 19 жастағы тұрғынын ұстады.

Ол қорқып, оқиға орнынан қашып кеткенін айтты. Анықталғандай, бала жаяу жүргіншілер жолымен емес, жолдың жиегіне қойылған көліктің артынан атып шығып, жүгіріп өтіп бара жатқан.

Алайда, мұның барлығы қашып кеткен жүргізушіні жазасыз қалдырмайды. Жол қозғалысы ережелерінің 2.5.-тармағына сәйкес, жүргізуші тоқтап, көмек көрсетуі, жол полициясын шақыруы тиіс болатын. Қазіргі уақытта жол полицейлері әрі қарай сотта қарастыруға жіберілетін материалдарды жинап қойды.

“ҚазАқпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp