«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛАЙЛЫ СӘТТІ ҚАЛТ ЖІБЕРМЕУДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ауа райы кедергі келтіргенімен, облыс егіншілері қолайлы сәтті қалт жібермей, ырыс дәнін жинау жұмыстарын жалғастыруда. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша, кешегі күнге дейін өңір диқандары 2872,5 мың гектар алқаптың егінін бастырып, дәнді дақылдардың 80,4 пайызын жинап алды. Құт қамбасына түскен жаңа орақтың астығы 4153,6 мың тоннаға жетті. Орташа гектар шығымдылығы бұрынғы деңгейінде, 14,5 центнер көлемінде қалып отыр. Өткен жылдың осы кезеңінде танап берекесі 12,4 центнерден айналған еді.

Науқан басынан тәуір астық шығымдылығымен ерекшеленген М.Жұмабаев және Қызылжар аудандары сәйкес түрде 16,8 және 16,5 центнерден өнім алуда. Сол сияқты, айыртаулық егіншілер де 15,7 центнерлік танап берекесімен жүз пұттық белеске жақын тұр. Гектарынан 11,5 және 11,9 центнерден өнім жинап жатқан Тимирязев және Ақжар аудандары облыстың орташа көрсеткішін төмендетіп отыр.

Жиі жауған жаңбырға байланысты майлы дақылдар жинау жұмыстары да баяулап қалды. Кешегі күнге дейін майлы дақылдар алқабының 319,5 мың гектары немесе 72,8 пайызы орылды. Ал бастырылғаны 167 мың гектар, ол барлық майлы дақылдар танабының 38 пайызын құрайды, орташа шығымдылық 12,5 центнерден айналып отыр.

Тұқым құйып алу жұмыстары аяқталуға жақын, қоймаға 497,4 мың тонна тұқым салынды немесе қажетті тұқым қорының 97,5 пайызы дайындалды.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp