«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘКІМ КУБОГЫ СЕМЕЙЛІКТЕРГЕ БҰЙЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Жайдарман” республикалық фестивалі өтті. Бәйгеге облыс әкімінің кубогы тігілді.  

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Көңілді тапқырлар клубының ойынына 10 команда қатысты. Өңіріміздің намысын 4 команда қорғады. Бірақ “Мектеп” құрамасынан басқа алға суырылып шығар солтүстікқазақстандық бірде-бір топ болған жоқ. Арзан күлкі мен әдепсіз қалжыңға құрылған қойылымдар көрермендерді шулатқанымен, ой саларлық әсер қалдырған жоқ.

Атап айтар болсақ, сахнаға алғаш болып көтерілген Өнер колледжінің тәрбиеленушілерінен құрылған “Өнерлі жігіттер” командасының кейбір көріністері талапқа сай келмегендіктен, көрсеткен өнеріне баға берілмеді. Кейін шыққан М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “Бәйтерек” командасы да жарытып ештеңе айта алмағанымен, өздерін таныстыруы мен сахна мәдениетімен ерекшеленді. Сайыс қорытындысы бойынша 3- орынға жайғасқан “Қызылжар” мектеп құрамасының көріністері жастарға әлдеқайда таныс оқушылар өмірінен алынды. Бұл команда өңіріміздегі аудан мектептерінің шәкірттерінен құралған екен. Бастамасы жаман емес. Десе де, өткір әзіл жетіңкіремейді. “Ханымдар думаны” командасының көріністері мағынасыз әзілден тұрды. Жергілікті командалар әлі де болса нөмірлерін пысықтап, замандастарына ой саларлық мәнді әзілдерге көңіл бөлсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Сайыста асығы алшысынан түскен команда – семейлік “Рахмет”. Олар доданың нәтижесінде өңір басшысының кубогын жеңіп алды. Туған жерлеріне Бас жүлдемен қайтқан бұл топтың әзілі салмақты әрі сауатты. Бірінші орын алған Қызылорда облысынан келген “Тереңөзек” құрамасының дайындығы барлық талаптарға сай келді. Додаға Шу қаласынан қатысқан “Шу-чу” командасы сайыс қорытындысы бойынша екінші орынды еншіледі.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp