«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘР ОҚУШЫСЫН БІР-БІР ТҰЛҒАҒА БАЛАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дәмелі Ысқақова – Жамбыл ауданының Жаңажол ауылындағы Ғабит Мүсірепов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы педагогикалық институтты 1993 жылы бітіріп, еңбек жолын осы мектепте бастаған. 19 жыл ұстаздық еткен ол – бірінші санатты мұғалім. Аудан көлемінде өткізілген “Жыл мұғалімі” байқауының жеңімпазы.  

Дәмелі Борашқызының “Дүниетану сабағында дифференциялап оқыту” атты әдістемелік кітапшасы жарық көрген. Мазмұнды әдістемелік құралы үшін “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалы басшылығы тарапынан Алғыс хат алған.

– Оқушыларымды мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен бастауыш сынып оқушылары арасындағы облыстық “Нұрлы көжек” ғылыми жобалар байқауына жылда қатыстыруға тырысамын. Сыныбымдағы оқушылар екі топқа бөлінген. Бір топтың оқушылары жеке зерттеулер жүргізсе, екіншісі “Бесік – тәрбие бастауы” тақырыбындағы топтық жобамен жұмыс істейді, – дейді Дәмелі Борашқызы.  

Дәмелі Борашқызы “Балаларға жаңа технологияларды үйретіп, оны сабақта қолдану” мәселесі бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігіне жетекшілік етеді.

– Жетекші болған соң жас мамандармен өзімнің жинақтаған көпжылдық тәжірибеммен бөлісіп отырамын. Әдістемелік оқулықтар мен Интернеттен алынатын ақпараттың да жұмысымызда пайдасы зор. Әр мұғалім – психолог. Ол алдындағы әрбір оқушының қандай мүмкіндігі бар екендігін бала күнінен зерттеп білуі және қызығушылығын дамытуы тиіс. Сондықтан әр оқушымен жеке-дара жұмыс істеп, әрбіріне жеке тұлға ретінде қарау керек, – дейді ұстаз.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp