«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНА ТІЛІ АРДАҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мектебімізде тілдер күніне орай “Өнер алды – қызыл тіл” атты зияткерлік шара ұйымдастырылды. Оған жауапты ұстаздар Әсел Нұрғалиева мен Бақыт Көпбасова шараның танымдық жағына баса мән бере отырып, қызықты өтуіне де ерекше назар аударғандары байқалды. Оқушылар топтарға бөлініп, әр тілде Отан, тіл, халықтардың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы білгендерін ортаға салды. Мақал-мәтелдер айтылып, жұмбақтар шешілді. Оқушылар өнерлерін де көрсете білді.

Ал ұстаздарымыз Манар Жаманова, Рима Жаманова, Ботагөз Қаракүшікова бастамашыл болған жергілікті ақын-жазушыларға арналған шара “Мағжан – ұлт мақтанышы” деген тақырыпта өтті. Оған қаламыздағы балалар ақыны Күлбаршын Мұқанова, Петропавл қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Алтынай Сыздықова және зейнеткер ұстаз Бәтия Нұрышева қатысты. Оқушылар бұл күні поэзиялық шығармалардан үзінділер оқыды. Әдеби кеште жерлес ақынымыз, ұлтымыздың мақтанышы Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері кеңінен насихатталды. Мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Күнсұлу Мурникова да өз өлеңдерін көсілте оқып, тыңдармандарын таңғалдырды.  

Халық ауыз әдебиетіне де күн арналды. Ол “Тілім менің – тірлігімнің айғағы” деп аталып, 5-6-сынып оқушыларын бір жерге тоғыстырды. Шараға басшылық жасаған Гүлзада Кәменова, Күнсұлу Мурникова, Ренат Накиев шараны түрлендіріп өткізуге тырысты. Оның барысында оқушылар ұлттық киімдер киіп, өз ұлтының халық шығармашылығына ден қойды. Түрлі ұлттардың ерекшелігін көрсететін сайыстар да ұйымдастырылды. Ата-аналар да балаларының өнерлерін тамашалауға жиналып, риза болып тарқасты.

Зәуре МАЙСЕЙІТОВА,

М. Айтхожин атындағы №1 жалпы білім беретін инновациялық орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp