«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕЛІНІҢ ЖАЗҒЫ ЖАҢАРТУЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Beeline Қазақстан Қазақстанның ауылдық жерлерінде 3G желісінің таралымын кеңейтуге байланысты жазғы маусымда жүргізілген техникалық жұмыстар туралы хабарлайды.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысындағы 30-дан астам елді мекен “Beeline” ұсынған 3G байланысымен қамтылған. Beeline абоненттері үшінші буын желісіне Шымкент, Түркістан қалаларында ғана емес, Сарыағаш, Жетісай, Кентау қалаларында, сондай-ақ Түлкібас, Сайрам, Қазығұрт, Ордабасы, Бәйдібек, Отырар, Сарыағаш және Шардара аудандарының елді мекендерінде қол жеткізе алады. Beeline Қазақстан үшінші буындағы байланыс желісінің таралу өрісін арттырумен қатар, желінің өткізу қабілетін де арттырды. Мысалы, тамыз айында Түркістан қаласындағы барлық 3G базалық стансалары мәліметтерді топтастырып жолдау технологиясына көшірілді, бұл өз кезегінде ең жоғары жылдамдықты 20 Мбит/с-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, компания 3G желісінің базалық стансаларын Батыс Қазақстан облысына қарасты Қаратөбе, Жалпақтал, Федоровка және Жанғала елді мекендерінде де орнатты.  

Бұдан бөлек, Бөкейорда, Қазтал, Жәнібек тәрізді облыстың шалғайдағы аудандарында базалық стансаларды орнатуға байланысты шаралар қабылданды. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысының Орал, Ақсай қалалары, Тасқала, Зеленовский, Ақжайық аудандарының бірқатар елді мекендері және Шынар кен ошағының аумағы “Beeline” ұсынған 3G желісімен қамтамасыз етілген.

Beeline Қазақстанның корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь: “Шағын қалалар мен ауылдық жерлерде сапалы байланыс ұсыну – біздің жұмысымыздың басты бағыты. Өңірлердегі 3G бизнесті жүргізудің алғышарттарын арттырып, ауылдық жерлердегі тұрғындар өмірінің жағдайын жақсартады”, – деп атап өтті.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp