«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАТАҢ ШАРАЛАР НӘТИЖЕЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімінің орынбасары, Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия (ТЖК) төрағасы Владимир Балахонцевтің төрағалығымен денсаулық сақтау, білім беру, сауда және әлеуметтік сала нысандарында өрт қауіпсіздігі бойынша қалыптасқан жағдай, сонымен қатар ТЖ ескерту және жою мемлекеттік жүйесінің облыстағы аумақтық жүйесінің 2013-2014 жылдары қыс мезгілінде жұмыс істеуге әзірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кезектен тыс отырыс өткізілді. 

Денис ШУВАЕВ,

облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт

бақылау басқармасының бөлім бастығы.

Отырысты ТЖК төрағасы ашып, одан кейін сөз сөйлеген СҚО ТЖД бастығы Павел Филиппов халық көп баратын нысандардың өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы, төтенше жағдайларды ескерту және жою жөнінде қолданылған шаралар туралы айтып берді. Павел Владимирович өз хабарламасында департаменттің инспекторлық құрамының аталған нысандарда өртке қарсы ережені бұзушылықтарды анықтау бойынша қыруар жұмыс атқарғанын атап өтті. “2012 жылы және 2013 жылдың өткен кезеңінде денсаулық сақтау, білім беру, сауда және әлеуметтік қорғау салаларының 710 нысаны тексеріліп, 353 адам жалпы сомасы 3 млн. 300 мың теңгеден астам айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ғимараттар мен имараттардың қолданысын тоқтату жөнінде сотқа 213 талап арыз жолданды”, – деді ол. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижелілігін де атап өтті. 2012 жылы өткізілген тексерістердің нәтижесінде Петропавл қаласы аумағында 4 сауда орталығының әрекеті сот шешімімен тоқтатылып, бұл шара олардың қауіпсіз жағдайға келтірілуіне себепкер болды.

Владимир Балахонцев облысымыздың төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс қызметінің басшыларына, департаменттер мен басқармалар басшыларына, аудан, қала әкімдеріне және сауда нысандарының басшыларына тұрғындарды өрттер мен төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp