Азиза АЛКЕБАЕВА.
Менің алғашқы ұстазым – Мария Ізтөлина. Белгілі ақын, революционер Баймағамбет Ізтөлиннің ұрпағы – Мария Бимақанқызы өз шәкірттерін білімді, отансүйгіш, адамгершілікті, өнегелі болуға үйретуден жалықпайды. Ол – оқушыларына білім беріп қана қоймай, өнерге, баулитын ұстаз.
Мария Бимақанқызы білім жолында 25 жыл еңбек сіңіріп келеді. Оны алғашқы ұстазым деп атаған он сынып түлектері алтын ұя – мектептерімен қоштасып, бүгінде Қазақстанның әр өңірінде еңбек етіп жүр. Менің алғашқы ұстазым қазіргі уақытта туып-өскен жері Жамбыл ауданындағы Б.Ізтөлин ауылында бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарып жүр.
Бізді анамыздай аялаған, сыныптағы бар баланың тілін тауып, жарқын өмірге жол сілтеген ұстазыма ризашылығым шексіз.
Жамбыл ауданы.