«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛЫС САПАР – ҚАЖЫЛЫҚҚА АТТАНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Төртінші парызын орындау үшін хақ мұсылмандар қажылыққа аттанар алдында “Мекке мен Мәдина – жердің ұшы” деп жырлаған Шал ақын бабамыз айтқан Сауд Арабиясында әлдебір дерт шықты деген дақпырт тарады. Алайда, Алланың ақ жолынан айнымаған миллиондаған мұсылмандарды бұл сескендіре алмады: ешқайсысы қажылық сапарға барудан бас тартқан жоқ.

Бұл ретте біздің облысымыз да жылдағы көрсеткішінен жаңылған жоқ: биыл 13 адам қажылыққа аттанғалы отыр. Солардың қақ жартысы – қажылық парызын бір емес, бірнеше рет орындағандар. ҚМДБ-ның облысымыз бойынша өкіл имамы, “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай Дүйсенбай бастаған бірнеше дүркін қажылардың қатарында Сәлима Балтабаева, Жібек Кенжебаева, Жетпісбай Смағұлов сияқты намазхандар бар.

Биылғы қажылыққа ұлты орыс болғанмен, ислам дінін қабылдаған Юрий Соломкин де аттанады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp