«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Біздің орталықтың негізгі мақсаты деңгейлік бағдарламалар курсы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Әлима ҚАБДЕНОВА,
“Өрлеу” біліктілікті арттыру
ұлттық орталығы” АҚ
“Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты” филиалы
деңгейлік бағдарламалар
орталығының жаттықтырушысы.

Осы мақсатты жүзеге асыруда мынадай қызметтер атқарылуда: деңгейлік біліктілік арттыру курстарын өткізу, “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ-ның тәжірибесін таратуға қатысу, педагогтердің тәжірибелік жұмыстарын таратуға қатысу, біліктілік арттыру жүйесіне жаңа технологияларды енгізу. Деңгейлік курстан өткен педагогтер үшін олардың білім беру саласындағы тиімді тәжірибесін жетілдіру, тарату бағыттарында жетекшілік ету, педагогикалық шеберхана, өзекті мәселелерге қатысты форумдар және т.б. мазмұнды іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мәселен, тамыз айында деңгейлік курстардан өткен педагогтер үшін “Жаңа толқын” облыстық педагогикалық шеберханасы өтті. Оның негізгі мақсаты – біліктілікті арттыру деңгейлік курсын аяқтаған мұғалімдердің үздік тәжірибесі негізінде өзгертілген басымдықтарды анықтау. Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас үшін жағдай жасау, мұғалімдердің педагогикалық практикасында оқудың жаңа бағыттарын пайдалану бойынша тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, “LessonStudy” тәсілін пайдалану тәжірибесін оқуға мұғалімдердің назарын тоғыстыру оның міндеттеріне жатады.  

Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру аясында педагогтер өзара жаңаша бағыттағы ұйымдастырылған жұмыстарының мазмұны, оқушыларға білім беру барысындағы жүйелілік жайында тәжірибе алмасып, ой бөлісіп, шеберлік сыныптарын өткізді. Деңгейлік курсынан өткен педагогтердің тәжірибесін педагогикалық шеберхана арқылы тарату дәстүрлі түрде жүргізілсін деген ұсыныс та қабылданды. Осы бағытта жұмыс атқаратын педагог кәсіби біліктілігін арттыруда өз-өзін дамытудың жаңа сатысына көтерілуі тиіс. Қандай да бір әрекеттің нәтижесінде қандай да бір өнім жасалмаса немесе қандай да бір жетістікке қол жеткізілмесе, оның мәні болмайды. Сондықтан мұғалімнің үздіксіз білімін жетілдіріп тұруы, жеке жоспарында міндетті түрде белгілі бір мерзімде қол жеткізілген нәтижелер тізімі болуы тиіс. Осы орайда “Өрлеу” БАҰО” АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты филиалында деңгейлік курстарда жүргізілетін жұмыстар­дың әдістерін, түрлерін, мазмұнын әрдайым жетілдіріп отырады. Бұл біліктілікті арттыру жүйесінің жаңа әдістері болашақта біздің оқушыларымыздың білімінен айқын көрінуіне септігін тигізері анық.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp