«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАМБЫЛДЫҚТАР ОРАҚТЫ БЕС КҮНДЕ АЯҚТАМАҚШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Самат Ескендіров Жамбыл ауданына жұмыс сапары барысында егін алқаптарын аралады. Бүгінгі күні жамбылдықтар жалпы астықтың 77 пайыздан астамын бастырған. Диқандар ауа райы оң қабақ танытса, орақ науқанын бір апта ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. 

Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ,

журналист.

“Агротехника Жамбыл” ЖШС-і биыл 11300 гектар алқапқа дән сіңірген. Оның 10 мыңнан астамы – бидай. Астықтың шығымы жақсы. Гектар берекелілігі 14 центнерден айналуда. Серіктестік басшылығымен кездескен Самат Сапарбекұлы жұмысты тездетуді міндеттеді.

“Агротехника Жамбыл” ЖШС директоры Александр Приходченконың айтуынша, диқандар орақ науқанына 21 тамызда кірісіпті. “Жалпы алқаптың 30 пайызының бидайын дестеге құлаттық. Бүгінгі күні астықтың 85 пайызын жинап алдық. Еш қиындық жоқ. Танап басында қазір 20 комбайн жұмыс істеп жүр. Қазанның 5- іне дейін науқанды аяқтаймыз деп жоспарлаған едік. Алайда, соңғы аптда түскен жауын-шашын кедергі келтірді. Енді бидай ылғалдылығының жоғарылығына қарамай жұмыс істеуіміз қажет. Осылайша бірден “сары алтынды” элеваторға жеткіземіз”, – деді ол. Самат Ескендіров табиғат ана оң қабақ танытса, науқан бір апта ішінде аяқталады, деді. Орақ науқанын ойдағыдай аяқтау үшін, агроқұрылым басшыларына мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетілуде. Биыл Қызылжар өңірінде егін бітік шықты. Сапасы да жақсы. Бұл дер кезінде жүргізілген технологиялардың арқасы, деді өңір басшысы.

Бұдан соң Самат Ескендіров “Шатило және К” серіктестігінің басшысы Виталий Шатиломен тілдесті. Биыл ол 23 мың гектарға бидай еккен. Сондай-ақ 10000 гектарды құрайтын майлы дақыл алқабы бар. Бүгінде жалпы аумақтың 83 пайызы орылды. Ауа райы қолайлы болса, шаруашылық орақты бес күн ішінде аяқтамақшы.

Ауданға жұмыс сапары барысында облыс әкімі Пресновка – Архангелка жолын жөндеу жұмыстарымен де танысты. Былтыр екі ауыл арасындағы жолдың 5 шақырымы жөнделсе, биыл тағы 3 шақырым 200 метр қосылған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 165 миллион теңге жұмсалған. Күрделі жөндеуді “Титан – Север” ЖШС жүргізуде. Компания осы айдың 20-сына дейін жолдың жиегін қалыпқа келтірмек. Бұдан соң жолды арнайы комиссия қа-былдайтын болады.

Суретті түсірген Виталий ВЛАСЕНКО.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp