«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРЫСТА ЕКІ КҮМІСТІ ЕНШІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Бурабайда спорттық радиопеленгация бойынша ел біріншілігі өтті.

Станислав СТАХАНОВ,

Қазақстанның радио спорты және радиоәуесқойлар федерациясы СҚО филиалының директоры.

Аталмыш сайыстан екі күміс медальмен оралған жерлес құраманың мүшесі Дмитрий Мец орман ішінде 5-6 шақырым қашықтықты ойдағыдай бағындырды. Дегенмен “түлкілерді” жылдам тауып алған Дмитрий дода жеңімпазынан 2 минутқа қалып қойды.

Жыл соңына дейін “DIGI-KFRR – 2013” сандық чемпионаты өтпек. Бұған дейін өткен барлық жарыстарда жерлестеріміз еншілеген медальдар бар. Алғашқы алтын алқамызды Наиль Юничев Астана қаласынан әкелсе, жасөспірімдер арасында Бурабайда өткен бәсекеде Илья Галимуллин күміс алды. Ал Қостанай облысының аумағында қысқа толқындағы радиобайланыстан Қазақстан Республикасының ашық біріншілігінде өңір намысын қорғаған Станислав Стаханов пен Виктор Филипенко жеңістің екінші сатысына көтерілген болатын.

Алдағы жылы спорттық радиопеленгация бойынша әлем біріншілігі Ақмола облысында өткізілетін болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp