«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ҚАЛАМ ИЕЛЕРІНЕ Алматы құшақ жайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

25-27 қыркүйек аралығында Алматыда “Ел еңсесі – егемендік” атты V республикалық “Қаламгер азамат” жас тілшілер форумы болып өтті. Осы шараға “Тайынша таңы” қоғамдық-саяси газетінің тілшісі ретінде мен де қатыстым. 

Айгүл ТӘШЕТОВА,  

журналист.

Жас қаламгерлер форумы – мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен артылған сенімнің айғағы. Жастарымызды Отанын сүюге, елінің шынайы азаматы болуға баулу ісіне өзінің лайықты үлесін қосуды мақсат еткен форум республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Ал Ықылас атындағы халық аспаптар мұражайында “Халық тарих толқынында” тақырыбында өткен кездесу барысында қоғам қайраткерлерімен әңгімелесіп, олар өз кезегінде ұлттық мүддені басты орынға қойып, ел игілігі бағытында өз үлесімізді қосудан жалықпауға, жаңа машықтарды, ғылым-білімді игеруге шақырды. Қалыптасқан бірегей үнқатысу алаңында осы салада айтарлықтай жетістіктерге жеткен аға буын өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ Интернет кеңістікте қазақ тілді мазмұнның дамуына жауапты “Қазконтент” АҚ-ы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен “Жаңа медиа: баспа БАҚ болашағы” тақырыбында медиаконференция өткізіп, форумға қатысушыларды сандық медианың жұмысындағы негізгі қағидаттармен таныстырды, сонымен қатар БАҚ-тың барлық сегменттерінде жұмыс істей алатын әмбебап журналистерді даярлау әдістемесі де талқыланды.

Пленарлық отырыс барысында медиа-сарапшылар медиа өнімдерін ілгерілету үшін әлеуметтік желілерде онлайн-журналистиканың құралдарын тиімді пайдалану тәжірибелерімен бөлісті. Ресми отырысымыз Алмаарасан шатқалындағы “Қазақ ауылында” бейресми жағдайда өткен “Домбыра party”-ға ұласып, домбыраның қоңыр үнімен құлақ құрышын қандырдық.

Форум жас тілшілердің өнерін шыңдап, қылқалам шеберіне айналуына өз үлесін қосты деп білемін.

Тайынша қаласы.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp