«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КОММУНАЛДЫҚ ҚАРЫЗСЫЗ ӨМІР СҮР”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Сот актілерін орындау департаментінде қарашаның 1-нен 31-іне дейін коммуналдық берешек жөніндегі борыштарды өндіріп алу бойынша “Коммуналдық қарызсыз өмір сүр” атты акция өтеді.

Департаментте жыл басынан жалпы сомасы 104 009 398 теңгенің 2988 іс жүргізуі орындауда болды. Соның ішінде 19 546 101 теңгенің 1023 атқарушылық іс жүргізуі орындалды.

Акция барысында сот орындаушылары азаматтарды қабылдап, борышкерлердің мүлкін тәркілеу және тыйым (шектеу) салу бойынша атқарушылық іс-әрекеттер жүргізіп, борышкерлердің ел аумағынан шығуына уақытша шектеу шараларын қолданады, борышкердің кірісін өндіріп алу үшін жұмыс орнына атқарушылық құжаттарды жібереді.

Сот орындаушылары коммуналдық қызметтер үшін борыштарды өндіріп алу жөнінде күшейтілген жұмыс жүргізеді, борышкерлердің тұрақты мекенжайларына БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейдке шығады, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартады, кейбіреулеріне іздеу салады.

Облыстық Сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.  

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp