«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОСЫЗАМАНFЫ ОКЫТУ YДЕРІСІНДЕ мұғалімнің орны ерекше

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі күні қоғамымыздың даму әлеуеті көпшілік жағдайда білім беру жүйесінің сұранысқа және оның даму қажеттіліктеріне сәйкес болуымен айқындалады. Қоғамымыздың жедел түрде даму қажеттілігі жағдайында білім беру саласының инновацияға сұранысы туындайды. 

Гүлмира ЕҢСЕГЕНОВА,  

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалының маманы.

Білім беру жүйесі кешенді өзгертілуі керек және бұл үдерісте мектептердегі білім беру маңызды орын алады. Сондықтан мектептерде қайта құру жалғасуда. Ол білім ошақтарында түбегейлі әрі тез жүргізіліп жатқан өзгерістерге оқушылардың бейімделуіне, өмірге және болашақ мамандықтарына өздерін шығармашылықпен дайындауларына мүмкіндік береді. Мектеп жасындағы оқушылардың ішкі әлеуеті мен адами жетістіктерінің технологиялық және мәдени-тарихи негізінде тұлғалық сипатын дамыту – бірінші кезектегі басым бағыт.  

Оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыратындар – ата-аналар, достары, мектеп және баланың қоршаған ортасы. Оқушыларды оқытуда табысқа қол жеткізулерін қамтамасыз ететін және мектептің қызметін жетілдіретіндер – мұғалімдер. Бүгінгі жаңа пішімдегі мұғалімнің алдында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау, яғни өз беттерімен ойлануларын, қажеттіліктерін толығырақ жүзеге асыруларын, білімді шығармашылықпен қабылдауларын, пәндерді оқуға қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін жеке бейімділіктері мен дарындарын арттыру міндеті тұр. Сондықтан мұғалім жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайын болуы керек. Мұғалім тек жаңа мазмұндағы әдістемені меңгеріп қана қоймай, оқыту үдерісіндегі өз орнын сезіне білуі керек.  

Қазіргі заманда мұғалімнің рөлі өзгерген. Ол бүгінде ұйымдастырушы, ақпараттандырушы, кеңесші, пікірлес, серіктес, делдал, тәлімгер, шебер, суретші, әртіс, шешен, дирижер рөлдерін қатар алып жүр. Дей тұрғанмен, мұғалімнің басты сипаты оның тұлғалық ерекшелігінде, көшбасшылығында және оқыту үдерісін шеберлікпен басқара білуінде. Ондай мұғалімнің оқыту тәсілдері сындарлы теорияға негізделеді. Бұл теория оқушылардың өз білімдерінің мұғалімдерден, сыныптастарынан, оқулықтардан және басқа да ақпарат құралдарынан алған жаңа білімдермен толығуы жағдайында жүзеге асырылып, бекітіледі және олардың ойлауын дамытуға шоғырландырылады.

Сындарлы теорияның жақтастары бұрынғыша, яғни дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілі алған білімнің табысты меңгерілуіне де, оны терең түсінуіне де, оқушының бұрынғы білімін толықтыруға да ықпал етпейді, “дәстүрлі” әдістемемен оқыту оқушыға берік білім бермейді деген пікірде.

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының алған білімін сыныптан тыс жерде де қолдануын қамтамасыз етіп, пәнді терең түсінуін дамытуды көздейді. Ол үшін мұғалім сабақты алдына қойған міндеттерге оқушылардың білімдерін, мақсаттары мен дағдыларын дамытуға сәйкес ұйымдастыруы талап етіледі.

Жаңа пішімдегі мұғалім әрекетінің маңызды аспектісі – жекелеген оқушылардың жаңа тақырыпты меңгерулерін түсінуге ұмтылуы, кейбірімен ол тақырыпты қажетті деңгейде игеруі үшін жұмысты жалғастыруы, енді біреулерінің жаңа сабақты ойлағаннан да жоғары деңгейде, бірегей әдіспен меңгерулерін сезіне білуі болып табылады.

Сонымен қатар, оқытудағы бұл әдіс мұғалім әр оқушының ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту үдерісіне әр оқушыны тартып өз тәжірибесін жетілдіру үшін үздіксіз рефлексия жүргізген кезде тиімді екенін дәлелдеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp