«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУШЫНЫҢ АР-НАМЫСЫН ТАПТАҒАН мұғалім және ол қызмет істейтін мектептің директоры да жұмыстарынан шығарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамбыл аудандық прокуратурасының кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі тобы мектептердің бірінің мұғалімін заңсыз әрекеті үшін жауапкершілікке тартты.

2013 жылғы 10 қыркүйек күні К. Әсімжанова деген мұғалім алгебра сабағында бір оқушыға психологиялық және физикалық сипаттағы қысым көрсеткен. Ол алгебра сабағында сыныптағы басқа балалардың көзінше бір оқушының кекілін қайшымен қиып, маңдайына қаламмен “Двоечник” деп жазып, оны өшірмеуге бұйырған.

Осы жағдайдан кейін кешкі тоғызға дейін бала ауылдан бір жарым шақырым жердегі орманда жүрген. Өзінің бұл әрекетін ол сынып жетекшісінен қорқып, мектепке барғысы келмейтіндігімен түсіндірген.

Оқушылардың айтуы бойынша, 12 қыркүйек күні мұғалім К.Әсімжанова шәкірттерінен болған оқиға жайлы ешкімге тіс жармауларын сұраған. Ол үшін оқу жылының бірінші тоқсанында алгебра пәнінен бәріне “бес” қоюға уәде берген.

2013 жылғы 20 қыркүйек күні аудан прокурорының ұсынысы бойынша, мұғалім ҚР Еңбек кодексінің 54-бабының 1-тармағының 11-тармақшасына сәйкес қызметінен босатылды.

Дәл сол күні Бауман толық емес орта мектебінің директоры К.Қарабаева да жұмыстан шығарылды.

СҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp