«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

5 МЕДАЛЬ – БІЗДІКІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарағанды қаласында акробаттық жолақ пен батутта секіруден өткен байрақты додада облыс намысын 10 спортшы қорғады. Олардың 8-і тартыстың ақтық сынынан көрінді. Жалпы бәсекелі додада 8 команда, 85 спортшы бақ сынаған болатын. 

Нәтижесінде акробатикалық жолда секіруде Виталий Дель мен Мария Топорищева алтыннан алқа тақты. Батутта Вера Филатова екінші орынды еншіледі. Ал Олег Ремигайло мен Сергей Клюкин үздік үштікті тұйықтап, облыс қоржынын 2 қола алқамен толықтырды.

Командалық сайыста жеңістің биік тұғырынан көрінуге таласқан қызылжарлық ерлер құрамасы сексеннен астам гимнасшылардың арасында топ жарып, акробаттық жолақта секіру бойынша көш бастады. Өңір намысын абыроймен қорғаған спортшылар – спорттық акробатикаға мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.

Қазіргі уақытта Вера Филатова қараша айында Болгарияның София қаласында акробаттық жолақ пен батутта секіруден өтетін әлем біріншілігіне дайындық үстінде.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp