«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

6 қазан – Мұғалім күні

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті ұстаздар, педагогикалық еңбек қызметкерлері мен ардагерлері!

Кәсіби мереке – Мұғалім күні құтты болсын!

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында да, “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” бағдарламалық мақаласында да әлемдік білім беру стандарттарына сай келетін үздіксіз білім берудің көпдеңгейлі ұлттық жүйесін қалыптастыру қоғамымызды дамытудың аса маңызды басымдығы ретінде айқындалған.

Облыстың білім беру жүйесі 1400-ден астам мекемелерден және 120 мыңнан астам оқушылар мен тәрбиеленушілерден құралған. Өңіріміздің 18 мыңға жуық педагогтері кәсіби мерекені қарсы алады.  

Мұғалім – барлық білім беру саласының негізі, жаны мен жүрегі. Уақыт ұсынып отырған әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси маңызды мәселелерді шешетін өскелең ұрпақты даярлап, олардың бойында жоғары сапалы азаматтық және адамгершілік құндылықтарды тәрбиелейтін де нақ сол.  

Бұрын-соңды емес, біздің уақытта ұстаз еңбегі Қазақстан халқының бірлігі мен достығын нығайтып қана қоймай, сонымен бірге еліміздің рухани және экономикалық өсімінің негізін қалап отыр. Осыған байланысты педагог мамандығының абыройы мен беделі артып келеді.

Мұны ұстаздардың өздері де аңғаруда: мұғалімдердің, техникалық және кәсіптік білім беру шеберлері мен тәрбиешілердің біліктілік санаттары үшін үстемеақы мөлшері ұлғайтылды. Еңбекақының келесі өсім кезеңдері олардың біліктіліктері мен нәтижелерінің түбегейлі артуына байланысты болады.

Бұған қаржыландыру ауқымының ұлғайтылуы, білім беру жүйесі желісінің дамуы, оқу орындарының материалдық-техникалық базасының дамуы мен нығаюы, оқу үдерісіне ақпараттық-коммуникативтік білім беру технологияларының белсенді енгізілуі, оқыту сапасының артуы, оқушылардың білім жетістіктерінің деңгейі, олардың ғылым негіздері бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларда, зияткерлік турнирлер мен конкурстарда, спорттық сайыстарда табыстарға ие болуы дәлел. Құрметті ұстаздар, Сіздердің арқаларыңызда белсенді, шығармашыл балалардың жаңа легі өсіп келеді. Олардың табыстары – Сіздердің өңіріміз бен бүкіл еліміздің болашағына қосқан сүбелі үлестеріңіз бен сіңірген еңбектеріңіз.

Құрметті педагогтер!

Осынау мереке күні білім беру саласының барлық қызметкерлеріне қоғамымыздың дамуы мен гүлденуіне бағытталған қажырлы, шабытты және нәтижелі еңбектеріңіз, балаларға сүйіспеншіліктеріңіз бен қамқорлықтарыңыз үшін шын жүрегімнен алғыс білдіремін.

Баршаңызға мықты денсаулық, шығармашылық табыс, амандық-саулық және бақыт тілеймін!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp