«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЛГІЛІ АҚЫН – МЕКТЕПТЕ ҚОНАҚТА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы “Қасиетті Сергий Радонежский құрметіндегі орта мектеп” жекеменшік мекемесінде Қазақстан халқы тілдерінің 15-інші фестивалі аясында әдеби-көркем іс-шара өтті.

Шайзат ИСЛЯМОВА,  

Людмила ПАВЛОВА,

Қасиетті Сергий Радонежский құрметіндегі орта мектептің қазақ және орыс тілі мұғалімдері.

Бұл кешке есімі республикаға белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Мүтәллап Қанғожин шақырылды. Оқушылар ақынның “Өскен жер”, “Орман әні”, “Қызылжарым”, “Мен Мағжан көшесінде тұрамын”, “Ауылымды сағындым” өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде оқып берді. Өлеңдер айшықты бейнеслайдтармен көркемделді. Онда туған жер, ұшы-қиыры жоқ дала, аспанда қалықтаған бүркіт бейнелері көрсетілді.

5-сынып оқушысы Валентина Курбанованың “Менің Қазақстаным” әнін екі тілде орындағаны әсерлі болды. 9-сынып оқушысы Анастасия Неверова қазақ биін нақышына келтіре орындады.  

Кеш соңында М.Қанғожин өзінің “Шабытты шағым” атты өлеңдер жинағын оқушыларға тарту етті. Мектеп атынан жазушыға да кітап сыйланды. Кеш қонағы оқушылардың сұрақтарына жауап берді. И.Шуховтың Мағжан өміріндегі рөліне тоқталып, ұлы ақынның өлеңдерін оқуға шақырды.

Әдеби шара оқушылардың көңілінен шықты.

Петропавл қаласы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp