«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕГІН ЖИНАУ ЕҢСЕРІЛІП КЕЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының 4 қазан күнгі деректері бойынша өңір диқандары 2941,6 мың гектар алқаптың егінін бастырып, дәнді дақылдардың 82,3%-ын жинап алды. Алтын дәннің 4254,4 мың тоннасы қамбаға құйылды. Орташа гектар берекелігі 14,5 центнерден айналуда. Өткен жылы гектар шығымдылығы 12,8 центнерден болған.

М. Жұмабаев және Қызылжар аудандары сәйкес түрде 16,8 және 16,5 центнерден өнім алып, көш басында келеді. Айыртаулық диқандар танап берекелігін 15,7 центнерден айналдырып, алғашқы үштіктен көрінуде. Облыс бойынша ең төмен шығымдылық Тимирязев (11,4 ц/га.) және Ақжар (11,9 ц/га.) аудандарында.

324,3 мың гектар алқаптың майлы дақылдары орылды, бұл 73,9 пайызды құрайды. Барлық бастырылған майлы дақылдар 175 мың гектар немесе алқаптың 39,8 пайызын құрайды, орташа шығымдылық 12,5 центнерден айналуда. Облыс бойынша 500,8 мың тонна тұқым құйылып алынды, бұл – жоспардағы тұқым қорының 98,2 пайызы.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp