«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 07.10.2013

БІЗДІҢ ДЕПАРТАМЕНТТЕ СЫБАЙЛАСТЫҚ ЖОҚ

Шолпан БІРІМЖАНОВА, СҚО Экология департаментінің бас маманы. Бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күрес “Солтүстік Қазақстан облысының Экология департаменті” мемлекеттік мекемесінде жүйелі сипат алып, басым бағыттардың біріне айналып отыр. Бүгінгі таңда рұқсат беру жүйесінде жариялылыққа қол жеткізілді. Рұқсат беру процедураларын жеңілдету және әкімшілік тосқауылдарды азайту мақсатында жұмысқа “Әмбебап рұқсат беру жүйесі” бағдарламасы енгізілді. Аталмыш бағдарлама Елбасының биылғы Жолдауында …

БІЗДІҢ ДЕПАРТАМЕНТТЕ СЫБАЙЛАСТЫҚ ЖОҚ Read More »

ЖҰРТТЫ ҚУАНТУҒА АСЫҚ ЖАН

Арқасына басылымдарға толы сөмкесін асынып алып, аулаларды аралап жүрген пошташыларды жиі кездестірмесек те, ежелгі мамандықтың өкілдері баянды қызмет етіп келеді. Айгүл Мәтенова – солардың бірі. Ол “Қазпочта” АҚ-да 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Оның жұмыс күні белгіленген учаскелер бойынша пошта таратудан басталады. “Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған” пошташының жұмысы қызық пен қиындыққа толы.  Бақытжан …

ЖҰРТТЫ ҚУАНТУҒА АСЫҚ ЖАН Read More »

“ҚАЗПОЧТА”: ЖАҢА СТРАТЕГИЯ, ЖАҢА МАҚСАТТАР

9 қазанда Дүниежүзілік пошта күні аталып өтіледі. Қазақстанның Ұлттық поштасын қайта құру уақыт талабы болатын. Бұл бір жағынан нарықтың дамуымен байланысты болса, екінші жағынан шалғайда жатқан ауылдар мен елді мекендер үшін пошта – мемлекеттіктің бір белгісі болды. Сондықтан жағдайдың өзі ұлттық пошта қызметінің қазіргі заманғы талаптар мен стандарттарға сай болуын міндеттейді.  Сәкен ҚИҚЫМОВ,   “Қазпочта” …

“ҚАЗПОЧТА”: ЖАҢА СТРАТЕГИЯ, ЖАҢА МАҚСАТТАР Read More »

ЕГІНДІКТЕРДЕГІ ӨРТТІҢ АЛДЫ АЛЫНДЫ

Облыстық ТЖД қызметкерлері егіндіктердегі өрттің алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар өткізуде. Бұл шаралар түсіндіру түрінде жүргізіледі, қызметкерлерге нұсқау беріліп, жадынама, өртке қарсы норманы және ережелерді орындау туралы тұжырымдама таратылады.

АММИАКТЫҢ ЖЫЛЫСТАУЫ ЖОЙЫЛЫП, АДАМДАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Петропавлда “Қатер – 2013” республикалық командалық-штабтық жаттығу (РКШК) өткізілген күн оқиғаларға толы болды. 3 қазан күні таңертең Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесінің полигонында шартты түрдегі төтенше жағдай (ТЖ) болды – жүк составының автомобильге соқтығысуы салдарынан, қымтауы босап, күшті әсер ететін улы зат (КӘУЕЗ) – аммиактың жылыстауы болған цистерна темір жол рельсінен шығып кетті. Жүкті …

АММИАКТЫҢ ЖЫЛЫСТАУЫ ЖОЙЫЛЫП, АДАМДАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ Read More »

ҚҰЛАҚТАНДЫРУ

Құрметті жамағат! Құрбан айт намазы облысымыздың “Қызылжар” орталық мешітінде 2013 жылдың 15 қазан күні сағат 8.30-да оқылады. Құрбан малы Петропавл қаласының Жұмысшы кентінде бұрынғы орында (яғни Космонавт к-сі, № 2 үй маңында) шалынады.Қой сатамын дегендерді, қасапшыларды, ішек-қарын тазалайтын, бас үйтетін адамдарды осы араға шақырамыз. Сол жерде жетім-жесірлерге, тұрмысы нашарларға, мешітке Құрбан малының етінің бір бөлігін …

ҚҰЛАҚТАНДЫРУ Read More »

АҚҚАЙЫҢДЫҚТАР КРОСТА ТОП ЖАРДЫ

Өткен сенбі күні Борки кентінде балалар-жасөспірімдер спорт мектептері тәрбиеленушілерінің арасында облыстық күзгі кросс сайысы өтті. Жарысқа 190 оқушы қатысты. Үш жас тобына бөлінген балғын желаяқтар – 2001 жылы туған қыздар – 500, ұлдар – 1000 метр, 1999-2000 жылдары туғандар сәйкесінше 1 және 2 шақырым, ал 1997-1998 жылғылар 2 және 3 шақырым қашықтықты бағындырды. Доданың нәтижесіне …

АҚҚАЙЫҢДЫҚТАР КРОСТА ТОП ЖАРДЫ Read More »

АЛИНА ӘБУТӘЛІПОВА – “ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ СПОРШЫ”

Жуырда Екібастұз қаласында БЖСМ тәрбиеленушілері арасында спорттық акробатикадан ел чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 9 құрама команда, 118 балғын спортшы қатысты. Аталмыш додада өңір намысын қорғаған солтүстікқазақстандық 8 спортшы жалпыкомандалық үшінші орынды жеңіп алды. Атап айтқанда, 15 жас және одан кіші жасөспірімдер тобындағы ерлер жұбы – Антон Ямпольский мен Дамир Құсайынов екінші орынға көтерілді. Ал 17 …

АЛИНА ӘБУТӘЛІПОВА – “ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ СПОРШЫ” Read More »

БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ баршаның көңілінен шықты

Қазанның алғашқы күндерінде “СевКазЭнерго” АҚ компаниясының өкілдері облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат-үйіндегі өздері демеу көрсететін “Жұлдыздар” отбасысындағы туған күн иелеріне тосын сый жасады.   Бұл жолы “Жұлдыздар” отбасысында жеті бірдей баланың туған күні аталып өтілді. Энергетиктер олардың әрқайсысына жеке сыйлықтар дайындапты. Туған күн иелерінің біреулеріне болашақта үлкен жеңістерге ынталандыратын спорттық киімдер, …

БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ баршаның көңілінен шықты Read More »

ҮМІТТЕН ТУЫНДАҒАН ТУЫНДЫЛАР

Бұрнағы күні облыстық бейнелеу өнері мұражайында сотталғандар арасында өткен “Үміт – 2013” атты байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. – Сотталғандар арасында тәрбиелеу жұмысының бір бағыты – эстетикалық тәрбие. СҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің барлық түзеу мекемелерінде өткізілген байқау екі кезеңнен тұрды. Алдымен мекемелерде өткізіліп, содан соң жүлделі орын алған …

ҮМІТТЕН ТУЫНДАҒАН ТУЫНДЫЛАР Read More »

ЖҰҚПАЛЫ АУРУҒА ШАЛДЫҚҚАНДАР АЗАЙДЫ

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісовтің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді. Оның барысында Қаақстандағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек жұмысының қорытындысы жарияланды. Осыдан 35 жыл бұрын қабылданған Алматы Декларациясы әлемнің көптеген елдерінде денсаулық сақтауды дамытуда маңызды рөл атқарды. Осы орайда Ерік Байжүнісов бүгінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдарының 1978 жылғы Декларацияда негізі …

ЖҰҚПАЛЫ АУРУҒА ШАЛДЫҚҚАНДАР АЗАЙДЫ Read More »

ҰЛЫ МАҒЖАНМЕН АШЫЛҒАН МАУСЫМ

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. “Өйтпесе Мағжан бола ма?” – жазушы, драматург Дулат Исабековтің ақиық ақын Мағжан мен оның жұбайы Зылиха жайында жазған пьесасы осылай аталады. Ақынның 120 жылдық мерейтойына орай С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры XV маусымын осы премьерасымен ашты. Оның бірінші көрермендері облыс әкімі Самат Ескендіров, өңіріміздің зиялы қауымы мен пьесаның авторы және …

ҰЛЫ МАҒЖАНМЕН АШЫЛҒАН МАУСЫМ Read More »

ТҰҚЫМ ҚОРЫ ТОЛЫҚ ҚҰЙЫЛДЫ

Бұрнағы күні қар аралас жаңбыр жауып, онсыз да қабағы ашылмай тұрған ауа райы тіпті бұзылып кетті. Қолайлы сәтті қалт жібермеуге жан салып жүрген өңір егіншілері мүмкіндікті барынша пайдаланып, жиын-терім жұмыстарын жалғастыру үстінде. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының кешегі күнге дейінгі жедел деректері бойынша, облыс диқандары дәнді дақылдардың 3146,8 мың гектарын немесе 88,1 пайызын бастырып, барлығы 4569,0 …

ТҰҚЫМ ҚОРЫ ТОЛЫҚ ҚҰЙЫЛДЫ Read More »

СУЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Облыс әкімі Самат Ескендіров “Петропавл қалалық мүгедектер қоғамы” қоғамдық бірлестігіне екі сужаңа автокөліктің кілтін табыс етті.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. – Облысымызда бастау алған Қарттарды қолдау айлығының тағы да бір іс-шарасын жалғастырып отырмыз. Менің облыс тұрғындарымен есепті кездесуімде мүгедектерге арналған автокөлік сатып алу мәселесі көтерілген болатын. Міне, бүгін демеуші болып келген республикалық “Сәби” қорының қолдауымен …

СУЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ Read More »

XVІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

ХVІ ғасырдың басы Қазақ хандығының нығаю кезеңі болды. Бұл уақытта Шибан ұрпақтары оны құлату мақсатымен бірнеше жорықтар ұйымдастырды. 1510 жылы Мұхаммед Шейбани ханның қазақтарға қарсы үлкен жорығы ұйымдастырылды. Ол басында сәтті болғанымен, Шибан ұрпақтарының әскерлерін Қасым хан әскерлері талқандады. Бұл жорық Мұхаммед Шейбанидың қазақтарға қарсы соңғы жорығы болды. 1510-1520/21 жылдар Қазақ хандығының Қасым хан тұсындағы …

XVІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ Read More »

АГРОБИЗНЕС ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Өткен жұма күні облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалығымен өңіріміздегі отандық тауар өндірушілердің өнімдерінің ішкі нарықтағы айналымын жоғарылату мәселесіне қатысты кеңес болды. Жиынның мақсаты – солтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің өнімдерін Астана, Алматы және басқа облыстардың аумақтарында еркін тарауын қамтамасыз ететін жүйе қалыптасыруға жәрдемдесу. Осыған байланысты аталмыш жиынға елімізде тауар өткізуші жүйе құруды және …

АГРОБИЗНЕС ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ Read More »

ӨНІМ САПАСЫНЫҢ АРТУЫ олардың еңбегіне байланысты

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті Петропавлдағы Аграршылар үйінде техникалық реттеу мен өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылаудың 15 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізді.  Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Осы мерекелік шараға мемлекеттік органдар мен өндіруші кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Жиынды құттықтау сөзбен ашқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат …

ӨНІМ САПАСЫНЫҢ АРТУЫ олардың еңбегіне байланысты Read More »

КУРСК ИІНІНДЕГІ ЖЕҢІСКЕ – 70 ЖЫЛ

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Сенбі күні Достық үйінде өңіріміздегі Орыс қауымдастығы, “Світанок” украин мәдениеті қоғамдық бірлестігі, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы бірлесіп Курск иінінде болған шайқастағы жеңістің 70 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өткізді. Оған құрметті қонақтар ретінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қасым Жүнісов пен Леонид Захаренко шақырылды. Конференцияға қатысқан студенттер мен жастар …

КУРСК ИІНІНДЕГІ ЖЕҢІСКЕ – 70 ЖЫЛ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДА ХАЛЫҚ ӘРТІСІ Роза Бағланованы еске алу кеші өтеді

18 қазан күні сағат 19-да Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өнер жұлдыздарының қатысуымен  атақты әнші Роза Бағланованы еске алуға арналған “Сағындым, апа, даусыңды” атты кеш өтеді. Күміскөмей әншімен 24 жыл бойы қоян-қолтық қызмет еткен продюсер Қуаныш Әбдіқалымовтың концерт жайындағы шағын сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. – Қуаныш Өтешұлы, әуелі әйгілі әншінің өмір-баяны туралы айтсаңыз. – Роза …

ҚЫЗЫЛЖАРДА ХАЛЫҚ ӘРТІСІ Роза Бағланованы еске алу кеші өтеді Read More »