«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛИНА ӘБУТӘЛІПОВА – “ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ СПОРШЫ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Екібастұз қаласында БЖСМ тәрбиеленушілері арасында спорттық акробатикадан ел чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 9 құрама команда, 118 балғын спортшы қатысты.

Аталмыш додада өңір намысын қорғаған солтүстікқазақстандық 8 спортшы жалпыкомандалық үшінші орынды жеңіп алды. Атап айтқанда, 15 жас және одан кіші жасөспірімдер тобындағы ерлер жұбы – Антон Ямпольский мен Дамир Құсайынов екінші орынға көтерілді. Ал 17 жасқа дейінгілер тобында Алина Гасимова мен Алина Әбутәліпова үшінші орынды жеңіп алса, Александр Зотов пен Анастасия Бейсембаеваның аралас жұбы төртінші болды. Сонымен қатар жерлесіміз Алина Әбутәліпова Халықаралық гимнастика федерациясының “Әлемдік деңгейдегі спортшы” құрмет белгісімен марапатталды.

Жеңімпаздар – акробатикадан мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері. Жас өрендерді бәсекелі додаға Андрей Ямпольский бастаған жаттықтырушылар құрамы дайындады.

Қазіргі уақытта спортшылар қараша айында Алматыда өтетін спорттық акробатикадан ел чемпионатына дайындалуда.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт  басқармасының баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp