«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰҚПАЛЫ АУРУҒА ШАЛДЫҚҚАНДАР АЗАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісовтің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді. Оның барысында Қаақстандағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек жұмысының қорытындысы жарияланды.

Осыдан 35 жыл бұрын қабылданған Алматы Декларациясы әлемнің көптеген елдерінде денсаулық сақтауды дамытуда маңызды рөл атқарды. Осы орайда Ерік Байжүнісов бүгінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдарының 1978 жылғы Декларацияда негізі қаланған ұстанымдары әлемнің барлық елдерінде қабылданғандығын атап өтті.

– Аталған қызметтің рөлі туралы бірнеше цифр келтіргім келеді. Қазақстан 21 жұқпалы ауруға қарсы екпе жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайын біз шамамен 5 миллион адамға екпе жасаймыз. Олардың 1 миллион 400 мыңы – балалар, – деді Ерік Байжүнісов.

Соңғы 20 жылда қызылша – 59 есе, қызамық – 1300 есе, эпидемиялық паротит – 160 есе, “Б” вирусты гепатит 23 есе кеміген.

Егер 1998 жылы 5 мыңнан астам науқас “Б” вирусты гепатитімен тіркелген болса, қазірде жылына 200-дей, ал балалардың арасында 2-5 оқиға ғана кездеседі екен.

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайтынан.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp