«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚҚАЙЫҢДЫҚТАР КРОСТА ТОП ЖАРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен сенбі күні Борки кентінде балалар-жасөспірімдер спорт мектептері тәрбиеленушілерінің арасында облыстық күзгі кросс сайысы өтті. Жарысқа 190 оқушы қатысты.

Үш жас тобына бөлінген балғын желаяқтар – 2001 жылы туған қыздар – 500, ұлдар – 1000 метр, 1999-2000 жылдары туғандар сәйкесінше 1 және 2 шақырым, ал 1997-1998 жылғылар 2 және 3 шақырым қашықтықты бағындырды.

Доданың нәтижесіне келсек, командалық сынақта 892 ұпай жинаған Аққайың ауданының БЖСМ тәрбиеленушілері жеңістің бірінші сатысына көтеріліп, сайыс жеңімпазы атанды. Ал Мағжан Жұмабаев пен Тимирязев аудандарының спортшылары екінші және үшінші орыннан көрінді.

Барлық жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталды.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт  басқармасының баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp